ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Ректор блогы

Жарқынбеков Мұрат Асанұлы

Университет  ректоры,

техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

1973 жылы Алматы қаласында туылған. 1990/1995 жылы Йассауи атындағы ХҚТУ ШИ «Химия және биология» мамандығы бойынша бітірген. Жоғары оқу орын бітіргеннен соң 1995-1998 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Органикалық технология заттары» кафедрада, күндізгі бөлімде аспирантура бітіріп сол кафедрада І дәрежеде инженер қызметін атқарған. 2001 жылы  02.00.03- Органикалық химия мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иелену үшін кандидаттық диссертациясын Ташкент қаласында сәтті қорғады. Ғылыми зерттеу нәтижелеріәртүрлі 22ғылымибасылымдардажарияланып, ҚР ҒА Химия институтының, Дулати атындағы ТарМУ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Өзбекістан республикасының ТашМТУ, Улуғбек атындағы Өзбекістан Ұлттық университетінің, т.б. ғылыми-тәжірибелік конференцияларында баяндалды.

2002 жылдан бастап Оңтүстік қазақстан педагогикалық университетінде жұмыс атқара бастады. 2002 жылы аға оқытушы, 2003 жылы ақпан айында сырттай оқу бөлімінің деканы, осы жылы қыркүйек айында күндізгі оқу бөлімінң педагогика факультетінің деканы, 2005 жылы осы университетте ғылыми істер жөніндегі проректор, 2006 жылданбастап 2016 жылғадейіноқуісі жөніндегі проректор қызметін атқарып келген.  2016 жылы наурыз айынан бастап ОҚПУ-нің ректор қызметінің атқарады.

Оқу-әдістемелік, әкімшілік-басқару жұмыстарындағы және білім саласындағы  көп жылдық жемісті енбектерін ескеріп, ҚР БжҒМ-нің құрмет грамоталарымен және Ы.Алтынсарин атындағы , ҚР білім беру ісінің қурметті қызметкері  атты төс белгілерімен марапатталған.