ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Қазақстан Студенттерінің Альянсы»

  • Басты Бет /
  • «Қазақстан Студенттерінің Альянсы»

Қазақстан Студенттерінің Альянсы– Студенттердің  құқығын қорғайтын ұйым. Қазақстан Студенттер Альянсы 2005 жылдың 14 сәуірінде, Тараз қаласында құрылған.

«Қазақстан студенттерінің Альянсы» (әрі қарай – ҚСА) Республикалық студенттер қозғалысының басты мақсаты – ҚСА-ның қоғамдық белгілілігін студент жастарының құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шынымен шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құру.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:

  • Еліміздің студент жастарының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
  • Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру.
  • Студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру.
  • Студент жастардың интеллектуалды әлеуеттерін жетілдіру.
  • Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Ұйымнның ҚСА ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуін жетілдіру.

ҚСА ұйымдық құрылымы серіктестік басқару құрылымының 5 деңгейінде көрсетіледі:

  • ҚСА республикалық деңгейінде ҚСА Республикалық штабы
  • ҚСА аймақтық деңгейінде ҚСА қалалық штабтары
  • ҚСА қалалық штабтары тікелей Республикалық штабқа бағынады

Қазақстан студенттерінің Альянсінің негізгі жобалары:

  1. Республикалық жазғы студенттер лагері
  2. «Жыл студенті» республикалық конкурсы
  3. «Таза сессия» операциясы
  4. «Қалай тұрасың, студент?» республикалық конкурсы
  5. «Қалай тамақтанасың, студент?» республикалық конкурсы
  6. «Қазақстан Республикасының студенттері үшін қоғамдық көліктерге жеңілдіктер» қоғамдықмониторингі

Жас және креативті болсаң, 
Егер шамшыл және  жігерлі болсаң…
Егер еліміздің дамуына өз үлесіңді қосқың келсе…
АЛЬЯНС СЕНІ КҮТЕДІ

Қазақстан Студенттер Альянсының көшбасшысы-Бердібек Мереке Бахытжанқызы

Мамандығы: педагогика және психология 3 курс

Мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы. Ә.Диваева 5

Тел:8-775-375-73-98

Электрондық почта: https://vk.com/id323529854