ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Кітапхана

Университет кітапханасы

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің кітапханасы өз тарихының бастауын 1992 жылы Шымкент қаласындағы «Шығыстану» институтының ашылуынан бастап, 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті қалыптасқаннан жұмысын жалғастыруда. Университеттің құрылымдық бөлімі ретінде көп салалы өзінің кітап қорымен оқу-іздену үрдісінде пайдалануға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуші орталық болып табылады. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесін, соның ішінде жоғары білім берудің оқу-іздену үрдісінде жаңа талаптарды қажет етеді. Кітапхана қызметін пайдаланушылардың сұраныстары жоғары, олардың талап-тілектерін орындау, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру заман талабы.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – жоғары білікті маман жалпы елге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты мұғалімдерді дайындауда ХХІ ғасыр талаптарына жауап беретін, халықаралық деңгейде танылатын жоғары білікті мамандар даярлау, оқыту сапасын арттырудың бірден-бір жолы озық білім беру мен оқытудың инновациялық технологияларын ендіру, шетелдермен интеграциялық байланыста болу және т.б. бағыттарда атқарып жатқан жұмыстары көп. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі ретінде – өзінің әмбебап, көп салалы, дәстүрлі кітаптар және электронды ресурстарымен тұтынушылардың оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерін қамтамасыз етуші, Ақпараттық білім беру орталығы ретінде зор үлес қосуда.

Қазіргі таңда ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, оған деген сұраныстың да еселей түскендігі белгілі. Сондықтан ақпараттық білім беру орталығы қызметінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы, оның сапалығы мен нәтижелігі тек өзінің ғана болашағын емес, сонымен қатар университеттің де болашағын анықтайды.

Жаңа технологияның дамуына, кітап қорының ұлғаюы мен кітапхана қызметкерлерінің көбеюіне байланысты университеттің кітапханасы Ақпараттық білім беру орталығына айналған.

Ақпараттық білім беру орталығының өсуі мен дамуы университет тарихымен тығыз байланысты, оның облыстағы оқу орындарының ішіндегі алатын орны ерекше.

Университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі ретінде, өзінің бірегей және көпсалалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат, құжаттармен қамтамасыз етуші зерделі, мәдени қарым-қатынас, білім беру орталығы болып саналады.

АББО  4 бөлімнен тұрады. 6 қызметкер профессор-оқытушылар құрамына, магистранттар мен студенттерге қызмет көрсетеді.

Құжаттарды жинақтау және есепке алу бөлімі. Кітаптың оқырманға және оқырманды кітапқа апаратын жол осы бөлімнен басталады. Қазіргі кезде кітап қорын толықтыруда әсіресе мемлекеттік тілдегі кітаптарға аса зор көңіл бөлінуде. Еліміздегі жоғары оқу орындарын оқулықтармен, сапалы әрі мазмұнды қазақ тіліндегі кітаптармен қамтамасыз ету, кітапхана қорының сапалы жинақталуы, қорды тапшы әдебиеттермен толықтыру күн тәртібіндегі басты мәселе. Бөлімнің негізгі мақсаты кітапхана қорын университеттің ғылыми ізденістері мен оқу пәндерінің профиліне сәйкес түрлі толықтыру көздерімен және де кафедра референттерімен тығыз байланыста толықтырып отыру. Кітапхана өз қорын қосымша толықтыру көздерімен: университет баспасы мен қайырымдылық қорының сыйлықтары, кітап алмасу, мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету арқылы жинақтайды.

Кітап қоры – 696558 аса данадан тұратын ғылыми, оқу-әдістемелік құжаттар мен электрондық тасымалдағыштар ресурстарымен қамтамасыз етілген.

Жыл сайын 20-25 мың дана кітап, 218 атаулы мерзімді басылымдар түседі.

Құжаттарды ғылыми өңдеу және жүйелеу бөлімі. Бөлімнің негізгі қызметі анықтамалық іздестіру аппаратында кітапхана қорын толық көрсету болып табылады. Қорға түскен жаңа әдебиеттер  мен басқа да құжаттарды ғылыми жүйелеу, каталогтандыру, техникалық өңдеу жұмыстарын дәстүрлі және автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырады.

Кітапхананың каталогын ұйымдастырып, өңдеп, каталог, картатекалармен жұмыс істеу барысында әдістемелік басшылық көрсетеді.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Өзіндік ерекшеліктеріне қарай кітапханада екі оқу залы, мерзімді басылымдар оқу залы, электронды оқу залы қызмет көрсетеді. Негізгі қызметтері оқу үрдісін әдебиеттермен қамтамасыз етіп, оқырмандарға сапалы да, жылдам қызмет көрсету болып табылады. Пайдаланушыларға қосалқы және арнайы қоры арқылы отандық кітап, журналдар, шетел әдебиеттері, экономикалық педагогикалық, психологиялық және құқықтық әдебиеттер мен құжаттардың арнайы түрлерімен қызмет көрсетеді.

Оқу әдебиеттер абонементі оқырмандарға семестрлік оқулық комплектісін даярлап, олардың тапсырысы бойынша қажетті оқулықтармен қамтамасыз етеді.

Көркем әдебиеттер абонементі қазақ, орыс және шетел классиктері мен замандастарымыздың әдебиеттері қорымен танымал.

Оқу залы жұмысының маңызды принципі жылдамдық және дәлдік, мұнда оқытушылар мен студенттер кітап қорының толық репертуарын пайдалануға мүмкіндігі бар. Оқу залының көркемдігі мен жайлылығы шығармашылық жұмыспен айналысуға қолайлы жағдай туғызады. Сіздерге көптеген әлем тілдеріндегі оқу құралдары мен сөздіктерін, шет тіліндегі мерзімді басылымдарын (араб, ағылшын, неміс, өзбек), сыйға тартылған аса құнды шетелдік әдебиеттер топтамасын ұсына алады. Әмбебап және салалық энциклопедиялық қор пайдаланушылар тілегін толық қанағаттандырып, студенттердің ерекше ілтипатына бөленуде.

Мерзімді басылымдар оқу залы. Оқу-іздену үрдісінде негізгі оқулықтармен қатар, қосымша құрал ретінде мерзімді басылымдарды пайдаланғандықтан, газет-журналдарға жазылу ұйымдастырылаған. Кітапхана жылына 218 атаулы газет-журналдарға жазылуды ұйымдастырады, бүгінгі кезде мерзімді басылымдар қорындағы 218 атаулы отандық, ресейлік және шет елдері газет-журналдары күнделікті түсетін газет-журналдар өңделіп, «Мерзімді баслымдар»  электронды  каталогына тіркеліп отырылады. Ең өзекті және жедел ақпаратты біздің оқырмандарымыз газет-журнал беттерінен таба алады. Мерзімді басылымдар барлық білім саласы бойынша жинақталған.

Электрондық ресурстар орталығы – электронды құжаттар бүгінгі күні ақпараттық ресурстардың ажырамас бөлігі болып отыр. Білікті мамандар пайдаланушыларға электрондық пошта, электронды каталог, интернет жүйесінде кеңес беріп, жедел, сапалы қызмет көрсетуде.  ОҚПУ-нің профессор-оқытушылар құрамының еңбектері, электронды оқулықтар, арнайы оқу бағдарламалары, емтиханның тест сұрақтары, мәліметтер базасы (мультимедиялық энциклопедиялар, сөздіктер) жинақталады.  Электронды қор саны 12300 дана.

Көпшілік тәрбие жұмысы. Ақпараттық білім беру орталығы университеттің тәрбие  жұмысының маңызды бөлігі, рухани мәдениет пен білім беру орталығы.  АББО-да әдеби-сазды кештер, ақын-жазушылармен кездесулер, конференциялар, пікір-сайыстар, жаңа кітаптардың тұсау кесер рәсімі өткізіліп тұрады.

Ақпарат кеңістігін кеңейту арқылы жаңа компьютерлік технологиялар мен қызметтер енгізіліп, ол жетілдіріліп отырады, кітапхананың негізгі кітапханалық үрдістерін автоматтандырудың бағдарламалары жасалып, техникамен жарақаттандырылған, электрондық каталогтардың мәліметтер базасы құрылып, «ИРБИС-64» бағдарламасымен жұмыс жүргізілуде. Бұл  электронды каталогтардың білімгерлердің оқу-іздену үрдісінде тигізетін үлесі зор, өйткені ол кітапхана қорындағы бар құжаттар туралы мәліметті жедел алуға, тақырып бойынша  керекті оқулықтардың тізімін іріктеуге, жаңа түскен кітаптар мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар туралы мәліметті жылдам тауып алуға мүмкіндік береді және оқырманның уақытын үнемдейді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда университет білімгерлері мен магистранттары, оқытушылар мен қызметкерлері электронды оқу залының қызметін пайдаланумен қатар, Интернетті тегін пайдалану, отандық электрондық кітапханалардың қорын кең көлемде және еркін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Ол жоғары оқу орындары Ассоциациясының Республикалық ЖООА Электронды Кітапханасымен келісім-шарт жасалып, оқу үрдісіне қажетті ақпараттарды алуға, олардың кітап қорын толық пайдалануына да қолайлы жағдай жасалған. Университетіміздің Web-сайты арқылы кітапхананың электронды каталогтар дерекқорына кіру, ақпараттық ресурстарын, РЖОО аралық электронды кітапханасын (РМЭБ) пайдалануға мүмкіндік бар. Электронды оқу залдарында арнайы компьютерлер орнатылып, Интернетке кіру мүмкіндігі тегін.

АББО қызметкерлері кәсіби мамандық жетілдіру курстарында білімін шыңдап, кеңестер, тренингтер, дөңгелек үстелдер, іскер ойындар, конференцияларға қатысып тұрады. Университет ұйымдастырған жарыстарға, бағдарламалар мен жобаларға, іс-шараларға белсене қатысады. Кітапхана қызметкерлерінің іскерлігі өз нәтижесін беріп, олар біліктілігін арттыру жөніндегі сертификаттар, алғыс хаттар және мадақтамалармен марапатталған.  АББО университеттің маңызды мәдени, ғылыми тіршілік орталығы болып саналады, бұл кітапхана қызметкерлерінің 20 жылдан астам өз ісіне берілгендігі мен барлық күш-жігерін, шығармашылық өнерін аянбай еңбектенуінің жемісі.

Заман талабына сай оқырмандардың талап-тілегін орындай отырып, жаңа ақпараттар, технологияларға байланысты бай кітап қорын жинақтап, оқырмандар сұраныстарын мол сеніммен қанағататтандыру басты мақсатымыз.