ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Аккредитация

Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы 20-22.12.2017ж. күндері Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мамандандырылған аккредиттеу бойынша өз жұмысын жасады.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігі Аккредиттеу кеңесінің шешімімен 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы, 5В010900 – Математика мамандығы, 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы, 5В011900- Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы және 5В30100-"Құқықтану" мамандығы 2017 жылдың 21-22 желтоқсан аралығында мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті.


Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін институционалды аккредиттеу

2017 жылдың 2-4 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнің (БСҚТҚА) сараптамалық комиссиясы институционалды аккредитация өткізу мақсатында жұмыс жасады.

Жұмыс нәтижесінде Сараптамалық комиссия университеттің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарына жоғары баға берді. Комиссия университеттің материалды-техникалық базасының даму динамикасы, университеттің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен байланыстары, академиялық ұтқырлықтың дамуы, студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету сапасы мен барысын оң бағалады.

Университеттің іс-әрекетінің жоғары бағалануының дәлелі – IQAA Аккредиттеу кеңесінің 2017 жылдың 25 наурызындағы мәжілісінің шешімімен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін 5 жыл мерзімге (27.03.2017 ж. – 25.03.2022 ж.) аккредиттелуі