ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Ғылыми жаңалықтар

Математикадан ғылыми семинар өтті

«Математикалық моделдеу» орталығының жетекшісі ф.-м.ғ.д, профессор Ә.Шалданбаевтың ұйымдастыруымен ғылыми семинар болып өтті. Ғылыми семинарға М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қазақстан инженерлі педагогикалық халықтар достығы университетінен ғалымдар шақырылып, баяндамалары тыңдалды.

Ф.-м.ғ.к, профессор И.Оразов «Корректность постановки смешанной задачи» тақырыбында, ф.-м.ғ.к, доцент Акылбаев М.И. «Шу алқабында өсетін жабайы қарасорадан целлюлоза алу технологиясы» тақырыбында,  ф.-м.ғ.д, профессор Ә.Шалданбаев «Функционал-дифференциал  теңдеулердің спектралдық теориясының кейбір қолданыстары» тақырыбында баяндама жасады. Семинар баяндамашыларға сұрақтар қойылып, қызу талқылау болды.