Хабарландыру (ҒЗЖ) ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Хабарландыру (ҒЗЖ)

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Юнусов Бахтияр Саидұлы атындағы білім грантына КОНКУРС  жарияланады!

Байқауға Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 1-2 курс студенттері және 1 курс магистранттары қатыса алады.

Байқаудың мақсаты - жастарды ғылыми зерттеулердің инновациялық идеясын жасауға және оның нәтижесін алуға ынталандыру.

Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:

1-кезеңде қатысушылар сауалнама толтырып, өтініш беруі керек (20 - 24 қараша);

2-кезеңде қатысушылар өздерінің ғылыми әлеуетін ашып, таланттарын және қабілеттерін таныту мүмкіндігіне ие болады (27-28 қараша);

3-кезеңде байқаудың жеңімпаздары анықталады (29 қараша).

Жеңімпаздар таңдаған мамандығы бойынша 100% білім грантына және ай сайынғы шәкіртақыға ие болады.

Байқау шарттары бойынша факультет деканаттарына хабарласыңыздар.