ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Жалпы мағлұматтар

Ғылыми-зерттеу жұмыстары педагогика мен психология, құқықтану, экономика және жаратылыстану ғылымдарының басымды салаларындағы негізгі ғылымдар мен қолданбалы ізденістерді дамытуға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарын таңдау саясаты университеттің материалды-техникалық және кадрлық әлеуетін барынша қолданудан көрінеді. Ғылыми жобалардың тақырыптары аймақтық экономикалық интеграциясы, экономикалық және технологиялық өсуі, компьютерлік үлгілеу мен педагогикалық технологияларды қолдану т.б. аясындағы аймақтық және республикалық мәселелерді қамтиды. Университет қызметкері, білім алушылары мен ПОҚ университеттің ҒЗЖ саласындағы саясатынан хабардар етілген.

Университетте -зерттеу жұмыстарының 2016-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму жоспары жасалған. Жоспар негізінде жыл сайын ҒЗЖ-ның тақырыптық жоспарлары құрылады. Ғылыми жобалардың тақырыптары Оңтүстік Қазақстан облысы мен Республиканың экономикалық, математикалық, ақпараттық-аналитикалық, тарихи, биологиялық және басқа да өзекті мәселелерін қамтиды. Орта есеппен, жыл сайын СҒЗЖ-на күндізгі оқу бөлімінде білім алушылардың жалпы контингентінің 60% студенті қатысады.

Университеттің ғылыми-білім беру үдерістерінің барлық аспектілеріндегіхалықаралық ынтымақтастық – оның іс-әрекетінің басымды бағыттарының бірі. Оқу орны Қытай, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан тб. Білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдары, университеттермен екі жақты ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы ресми келісім-шарттары бар.

Университеттің ғылыми-зерттеу іс-әрекеті айтарлықтай жоғары әрі сапалы деңгейге көтерілді. Университет ғылым мен оқу үдерісі арасындағы өзара байланысқа көңіл бөлген. Ғылыми зерттеулердің басымды бағыттары – педагогика, экономика, құқық және техника салалары. Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып, «Tomson Reuters», «Scopus» базасына енген нөлдік емес импакт-факторлары бар халықаралық журналдарға ғылыми мақалалар жарияланып отырады. Шетелдік басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеулері – университет рейтингіндегі басты критерийлердің бірі.

Соңғы жылдары нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда 56 мақала, ҚР БҒМ ЖАК мақұлдаған басылымдарда – 150 мақала жарияланып, 21 монография, 20 оқулық және 71 оқу құралы жарық көрді.

1 докторлық диссертация, 2 PhD докторы, 5 кандидаттық диссертация қорғалды: М.А.Такибаев (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде), К.Арыстанова (Оспанов атындағы топырақ зерттеу ҒЗИ-да), Н.С.Жұматаев (PhD докторы), Б.Мырзахметова (PhD докторы), Б.Р.Найманбаев (докторлық диссертация), Л.Тулепов, Ж.Мендикулова (PhD докторы), Б.Усманов.