ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

ОҚПУ президенті

Юнусов Мадияр Бахтиярұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында 1988 жылы 30 наурызда дүниеге келген.

Әкесі – Юнусов Бахтияр Саидұлы (1954-2010 жж.) Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің алғашқы президенті және негізін қалаушы, профессор, арабтанушы-ғалым, Ресейдегі педагогикалық ғылымдар Халықаралық Академиясының және ҚР жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі, Араб республикасы Египет «Панта» университетінің құрметті докторы, «ҚР білім саласының құрметті қызметкері», Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері.

Анасы – Юнусова Раъно, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университенің құрылтайшысы, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері.

М.Б.Юнусов 2005 жылы №13 Мукими атындағы орта мектепті бітірді. Осы жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің экономика мамандығына түсті. 2009 жылы бакалавр дәрежесімен жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп шықты. 2009-2011 жылдары «Экономика» мамандығы бойынша магистратурада оқып, үздік тәмамдады. «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

М.Б.Юнусов кәсіби қызметін 2009 жылы тіркеу офисінің әдіскері, тіркеу-офисінің бастығынан бастады. 2010 жылы ОҚПУ вици-президенті, 15.05.2012 жылдан бастап ОҚПУ президенті болып сайланды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Юнусов М.Б. 50-ден астам ғылыми мақалалар мен 8 оқу құралының авторы.

Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру қызметіндегі толағай табыстарына, облыстағы жоғары білім берудегі жаңашылдығы үшін мынадай марапаттарға ие:

  1. Ы.Алтынсарин төсбелгісі мен куәлігі (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2013 жыл)
  2. Ресей жаратылыстану Академиясының алтын медалімен және куәлігімен (Мәскеу қаласы ақпан 2014 жыл)
  3. Еуропа интеграциясын дамытудағы ерекше еңбегін ескеріп, «Бірлескен Еуропа» Халықаралық мадақтама (2011 жыл)
  4. Еліміздің экономикасын дамытудағы М.Б.Юнусовтың жеке үлесін бағалау мақсатында «Звезда Славы экономика Казахстана» жеке орденімен марапатталды.
  5. «Үздік менеджер-қызметкер» ретінде танылып, Еуропалық Бизнес Ассамблеяның төсбелгісімен марапаттлады (Сократ комитеті, Оксфорд, Ұлыбритания 2015 жыл).
  6. Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес-рейтинг бойынша «5 жылдың Үздік басшысы» сертификатымен марапатталады.
  7. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісімен марапатталды (2015 жыл)
  8. ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерекесіне орай « Нұр Отан» партиясының сайлау компаниясына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты –наурыз 2016 ж.
  9. ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай мерейлі төс белгі –қараша 2016 ж.
  10. А.Байтұрсынов атындағы  алтын белгі -2017 ж.