ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Студенттердің ғылыми қоғамы

Жетістіктер

Іс шаралар

Құрамы

СҒҚ бағыты

Студенттердің ғылыми қоғамы – студенттерді ғылымға баулу, түрлі ғылыми жобаларға, конференцияларға, студент бизнес инкубаторларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға шақыру, студенттің өмірін ғылым саласы бойынша қызықты, жан-жақты етіп өткізетін ұйым. Әр студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін өзін-өзі дамыту үшін қандай да бір деңгейде ғылыммен айналысуы керек. Ғылым студенттің өз саласы бойынша ізденуіне, еңбектенуіне мүмкіндік береді және сол арқылы жақсы маман болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл ұйым сонымен қатар түрлі интеллектуалды ойындар, іс-шаралар, білімге бағытталған сайыстар өткізумен айналысады. Осы айтылғандар студенттің ой-өрісін дамытады, жан-жақты көзқарасын кеңейтеді, білсем екен деген құштарлыққа жақындатады.

СҒҚ –білімге, дамуға, жаңа белестерді бағындыруға құштар жастардың басын біріктірген үлкен отбасы.

МАҚСАТЫ:
СҒҚ мақсаты -  студент жастардың оқу қызығушылықтарын таныту үрдісіндегі, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы және әлеуметтік саладағы әрекеттері, ғылымның әр саласында студенттердің білімдерін жетілдіру.  

МІНДЕТТЕР:

  • Студенттердің оқу материалдарын терең және шығармашылық жағынан меңгеруі;
  • Ғылыми және техникалық тапсырмаларды өз бетінше шешу, әдістемесі мен құралдарын оқыту;
  • Студенттердің  ғылыми таным әдістерін меңгеруі;
  • Студенттердің институт ішіндегі және институттан тыс, мәдени -қоғамдық өмірінде белсенділіктерін арттыру;
  • Студенттер конференциясын, семинарларын, дебатын өткізуге қатысу;
  • Қазақстан мен шетелдің студент жастарымен байланыс орнату;
  • Студенттерді қосымша материалдық ынталандыру жағдайларын  жасауға көмектесу;
  • Студенттердің қызығушылығы мен қабілеттерін айқындау;
  • Іздену зерттеу қызметтерінің дағдысын қалыптастыру.

ҚАҒИДАЛАРЫ:

  • Студенттерді арнайы жалпы ғылыми дайындықтарының деңгейін ескере отырып, әртүрлі нысандағы шығармашылық әрекеттерге баулу, қызықтыру;
  • Студенттердің зерттеу жұмыстарына тапсырманың қиындығы және ғылыми ізденістер аумағының кеңеюі есебінен үздіксіз қатысуы;
  • Студенттердің бастамашылығы мен белсенділігіне тірек болу.