ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Жас ғалымдар клубы

Құрамы

Жас ғалымдар клубы жас ғалымдарға кәсіби деңгейлерін арттыруда көмек көрсету, ғылыми әлеуетті дамыту және жас ғалымдардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, университеттің ғылыми жастарының кәсіби, зияткерлік, заңды және әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын іске асыру, қорғау, ғылыми білімді және ғылымның заманауи жетістіктерін насихаттау мақсатында құрылды.

Клуб қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясы, университет Жарғысы, университет қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, сондай-ақ демократизм, еркіндік, жариялылық, өзіндік басқару, теңдік принциптері негізінде жүзеге асырылады.

Клуб
- жас ғалымдарға кəсіби деңгейлерін арттыруда көмек көрсету;
- ғылыми əлеуетті дамыту жəне жас ғалымдардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру;
- Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ғылыми жастарының кəсіби, зияткерлік, заңды жəне əлеуметтік-тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын іске асыру, қорғау;
- ғылыми білімді жəне ғылымның заманауи жетістіктерін насихаттау мақсатында құрылды.

Негізгі міндеттері
- Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ғылыми жастарының кəсіби өсуіне ықпал ету, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту жəне жас ғылыми кадрларды университетте тұрақтандыру. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіндегі ғылыми жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс даярлау;
- жас ғалымдардың ғылыми қызметінің ұйымдастырылуы мен қаржылық қолдау көрсетілуіне жəне олардың Қазақстан мен шетелдерде өткізілетін түрлі ғылыми-зерттеу жобаларына, бағдарламаларға, ғылыми тағылымдамаларға, конкурстарға, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуына ықпал ету;
- жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсететін (грант бөлетін) ғылыми жобалар, бағдарламалар мен қорлар туралы, еліміз бен шетелдегі ғылыми жəне білім беру орталықтары, сондай-ақ Қазақстан мен алыс жəне жақын шетелдерде өткізілетін бейінді іс-шаралар (конференциялар, семинарлар) туралы ақпарат беру;
- үздік ғылыми-техникалық өнім конкурсын, ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жəне өткізуге ықпал ету, жас ғалымдарға ғылыми мақалалары мен баяндамаларын жариялауға көмек көрсету;
- университеттің ғылыми техникалық кеңес отырысында магистранттар мен тəлімгерлерді аттестаттауға қатысу;

- жас ғалымдарға ғылыми зерттеу жұмыстар əдістемесі мен əдіснамасын меңгеруге көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізу; жас ғалымның ғылыми-техникалық жəне мəдени өсуіне ықпал ету;

- ғылыми жастарды жұмысына қолдау көрсететін қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер мен басқа да іс-шаралар туралы, бос орын жайлы ақпараттандыру;
- ғылыми ұйымдар, ғылыми зерттеу институты, жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен əзірлемелерінің ақпаратты мəліметтер базасын құру;
- жас ғалымдарға отандық жəне шетелдік гранттарға қатысу үшін белсенді жұмыс істеуге, магистратураға түсуге, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, магистрлік диссертациясын қорғауға көмек көрсету;

жас ғалымдарды ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің жəне басқа да министрліктердің сыйақыларына ізденушілікке ұсыну; дарынды жас мамандарға магистратура мен докторантураға түсуге қолдау көрсету;

- жас ғалымдардың еңбегі, тұрмысы мен демалысы мəселелері бойынша өзінің ұсыныстарын ректоратқа білдіру;
- жас ғалымдардың өздерінің əлеуметтік мəселелерін шешуге бағытталған бастамаларына қолдау көрсету.