ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Ғылыми жобалар

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы  мемлекеттік бюждет қаражаты есебінен ғылыми және ғылыми техникалық конкурстарға қатысу үшін Ғылыми және ғылыми техникалық субъектісі ретінде аккредитациядан өткен.

 Ғылыми жобалардың тақырыптары Республика мен Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық, математикалық, ақпараттық-аналитикалық, тарихи, биологиялық және басқа да өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Университеттің ғылыми жобалары

 

Тақырыбы

Жетекшісі

1

Төменгі температуралы өсу ортасында өсімдіктердің жылу түзуін зерттеу

а.ш.ғ.к,

Жумабаев Ш.А.

2

Оқытушылар мен студенттердің эмоционалды күйіну мен психологиялық деструкциясын сауықтырудың психологиялық қызметін құру

пс.ғ.к.

Шоманбаева А.О.

3

Эфир майын алу үшін табиғи өсімдік материал қорларын анықтаудың эколого-географиялық карталарын әзірлеу, ОҚО ландшафты зерттеу

Сейдалиев Е.

4

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану

п.ғ.д., доцент

Молдабек К

5

Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайындағы аударма процесінде германдық және түркі тілдерінің этникалық лингвистикалық трансформациясы

 

ф.ғ.к.

Каракулова А.М.

6

Функционалды-дифференциалдық теңдеулердің спектралды проблемаларын зерттеу

 

д.ф.-м.н., доцент

Шалданбаев А.Ш.

7

Оңтүстік аймақтағы кондитерлік тағамдар нарығының қазіргі жағдайы зерттеу және даму тенденциялары

э.ғ.д., профессор

Куралбаева А.Ш.

8

Қазақ тіл біліміндегі ықшамдау құбылысын зерттеу

ф.ғ.к.

доцент м.а.

Ақылбаева Г.И.

 

 

Коммерциаландырылған ғылыми жобалар

2017 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру конкурсында ОҚПУ «Қазақстанның сауда нарығы үшін көп функционалды POS-терминалдар өндірісін жаңғырту және ұйымдастыру» тақырыбындағы ғылыми жобасы бойынша қатысып, жеңімпаз атанды. Жоба жетекшісі PhD докторы Н.С.Жұматаев.

Зерттеудің мақсаты: ұйымдастырушылық және экономикалық тұрақтылықты, экономикалық көрсеткіштердің ашықтығын қамтамасыз ету және Қазақстан халықының кірістері мен шығыстарын есепке алу, жалпы декларациялау кезінде халқының сенімін арттыру үшін POS-терминалдарға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады.

Алынған нәтижелер:

1. Қолданыстағы POS-терминалдар жүйелеріне (кассалық аппараттар және терминалдар) талдау жүргізілді.
2. Бірнеше функцияларды  орындау үшін POS-терминалдар бағдарламалық қамтамасыз етілді
3.Интеграцияланған POS-терминалдар жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету тиімділігі  анықталды.

Негізгі конструктивтік және технико-экономикалық көрсеткіштер: POS-терминал қосымша кассалық аппарат функциясы  сонымен бірге жинақы және айтарлықтай тиімді баға болғандықтан

Тиімділігі:  POS-терминалдар клиенттердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді және  қаражат қозғалысын бақылауды күшейтеді. Кәсіпкерелердің шығындарын  оңтайландырады, уақыттын үнемдейді. Екінші деңгейдегі банктер қолма-қол ақшасыз қызмет көрсету үшін өзінің клиенттік базасын ұлғайтады. POS-терминал Қазақстанда өндіру жоспарланып отырғандықтан сервистік жедел және тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қолданылу саласы: Екінші деңгейлі банктер, сауда нүктелері, қоймалар, көлік компаниялары, Мемлекеттік кіріс комитеті.


 

ҚР БҒМ тарапынан қаржыландыратын жобалар