ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Жастар ісі жөніндегі комитет

 

    Халлаев Аралас Бектасұлы

 Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

     Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жургізе отырып,студенттердің оқу-тәрбие шығармашылық және қоғамдық жұмыстары мен айналысатын  университеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

 Жастар ісі жөніндегі комитет факультет пен университеттің  жастар құрылымы және комитет жұмысының дұрыс жүргізілуі мен оған жүктелген басқару саласының жағдайы  үшін ректорат алдында жауапкершілікті алады.

 Университет жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы өзін-өзі ұсыну немесе ынталы топтардың ұсынуы арқылы сайлау немесе тәрбие ісі жөніндегі проректор ұсынысы негізінде ректор бұйрығымен тағайындалды.

  1. Жастар ісі жөніндегі комитет мақсаттары :

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын   студенттер арасында белсенді жүргізу және оны дамыту үшін ұдайы әр алуан іс шаралар өткізу;

– Топ, факультет, университетінің оқу тәрбие жұмыстарын жетілдіру мен ұйымдастыруға атсалысу; студенттік ұжымда шығармашылық, өзара көмек жағдай  қалыптастыру;

-студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ;

– олимпиада, ғылыми конференция өткізуді және оған қатысуды ұйымдастыру;

– дер кезінде жастар мәселелерін шешуге, жастар саясатын орындау мәселелеріне байланысты университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;

– университет жастарының аса маңызды проблемаларын шешуге қатысты мәселелелерге  байланысты жастар ұйымдарымен, жоғары инстанциялармен бірлесе жұмыс жүргізу;

   3.Жастар ісі жөніндегі комитеттің міндеттері :

– университетте әрдайым жастар саясытын іске асыру жұмыстарын өткізу;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының концепциясы, Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген құқықтарды сақтауы қамтамасыз ету;

– университеттің студент жастарының заңға қайшы іс-әрекеттерін жою жұмыстарын жүргізу;

Студенттің  жан-жақты дамуы  мен  шығармашылық  әлеуетін  қалыптастыруда  универсиеттің  басқа  да  қоғамдық  ұйымдарының  мәні  бар.  Бүгінгі  таңда  Жастар ісі жөніндегі комитетте мынадай  студенттік  ұйымдар, бірлестіктер, клубтар  жұмыс  істейді:

  1. «Студенттік  ректорат»;
  2. «Қазақстан Студенттерінің  Альянсы» республикалық  студенттік  қозғалысы;
  3. «Нұр  Отан» ХДФ «Жас Отан» жастар  қанаты;
  4. «Талант» пікірсайыс клубы;
  5. «Шаттық» студенттік театры;
  6. «Аманат» КВН командасы;
  7. «Жалынды Жастар» клубы.

Олардың қызметін өзінің Ережелері, жұмыс жоспарлары және мүшелер тізімі бар тәрбие жұмысы бөлімі үйлестіріп отырады.

ОҚПУ студент жастары   республикалық және жергілікті жастар ұйымына мүше бола отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру процестеріне белсене қатысуда, ЖОО студенттері «Жас Отан» жастар қанатының, ҚР Білім және ғылым минстірлігінің қолдауымен құрылған «Қазақстан студенттінің Альянсы» республикалық студенттерінің қозғалысының мүшесі болып табылады. Шымкент қаласында бұл ұйым өзінің қатарына 12-ден астам жоғары және орта оқу орындарын біріктірген. «Қазақстан студенттер Альянсы» РСҚ-ның қалалық штабы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да орналасқан.

ОҚПУ көшбасшылары, «Студент, өмірің қалай?», «Студент, тамақтануың қалай?», «Жемқорлықты  басып тастайық», «Есірткіге жол бермейік», сонымен бірге  жастардың отансүйгіштік тәрбиесіне бағытталған «Бұл біздің Әнұран!», «Бұл біздің Ту!», «Бұл біздің Елтаңба!», «Жастар –туған елге!»  т.б. іс-шараларға белсене қатысады.

Жастарға жұмысқа орналасуға көмек беру, жұмыс берушілермен өзара ықпалдастық  күшейту бойынша қосымша қызмет көрсету мақсатында бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру басқармасы жыл сайын «Жас маман» бос орын жәрмеңкесін өткізеді, ол кәсіптік іс-тәжірибеден ғана өткен, басқа тәжірибесі жоқ жас маманды жұмысқа орналастырудың тиімді тәсілі болып табылады

Студенттердің  құқығын, еріктілігі мен қызығушылығын сақтау, демократияны  дамыту және студенттер мен универитет басшылары арасында әріптестік қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 2011жылдан ректорат және оның құрлымы жайында Ережесі бар Студенттік  Ректорат  жұмыс атқаруда: университет  ректоры үзбей студенттермен  кездеседі, ай сайын студенттер активінің мәжілістеріне қатысып, білім алу, студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуеті – жалпы студенттік өмір жайында мәселелер талқыланады.

ЖОО-дағы студенттің өзін-өзі басқару жұмысының тиімділігі әр сессиядан кейін тәуелсіз студенттік сауалнама және анкета жүргізу жұмыстары арқылы да, сонымен бірге «пошта және сенім телефоны» арқылы іске асырылады.

ЖОО-да Жастар ұйымдарының рөлі күшті, іс-шараларға белсене қатысады, «студент – студентке» деген тең құқықты жүйедегі қарым-қатынаста.

ЖОО-ның тәрбие жұмысының сонымен бірге“ студент-оқытушы” әріптесттік жүйесінің тиімділігі арттырылуда.

Университеттің тәрбие жұмысы үйлестіруші, бағыттаушы және бақылаушы звеносы болып табылады. ЖОО-ның тәрбие жұмысы бойынша директорының орынбасарымен  тікелей байланысты болатын және институт құрылымына кіретін. Университетте «Университет регламентінде» қарастырылатын академиялық топтың эдвайзер-тәлімгері жайында ереже жасалған.

Университетте тәрбие жұмысының тиімділігін көрсететін мониторинг үнемі жұмыс істейді. Есеп беру мезгілінен кейін оқу топтарының тәлімгерлері тәрбие жұмыстары бойынша жазбаша есеп береді. Сонымен бірге тәлімгерлердің  күнделікті  жұмысын тәлімгер  журналы мен тәлімгерлік сағаттардың хаттамалары көрсетеді. Дәлелдеме материалдары бар.

Оқу топтарының тәлімгерлердің жүргізетін әдістемелері мен жұмыстары білім алушылардың шығармашыл тұлға ретінде дамуына, өзін-өзі тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, әлеуметтік тәжірибені  молынан игеруге ықпал етеді.

Университетте ғылыми-зерттеу бөлімі ғылыми мектептермен (факультеттермен) және кафедралармен жыл сайын барлық мамандықтар бойынша студенттік ғылыми конференциялар жүргізеді.

Университет басшылығы үнемі жағдайы төмен студенттерге жәрдем беру, шығармашылық жастарды және жас спотрсмен-студенттерді қолдау жұмыстарын жүгізеді.