ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Қазақстанның қазіргі заман тарихы, тарих және география кафедрасы

  • Басты Бет /
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы, тарих және география кафедрасы

Кафедра туралы мәлімет

Кафедра жаңалықтары

БАҚ мақалалардың жариялануы

Бейне-сабақтар

Педагогикалық практика

Оқу әдістемелік жұмыс

Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары

ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Элективті пәндер каталогі

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д.,

профессор қызметі міндетін атқарушы,

МАНПО-ның корреспондент мүшесі Найманбаев Бекмұрат Рахымбердіұлы

 

 

 

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, тарих және география» кафедрасы 1994 жылы құрылған Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасынан 2001 жылы жеке кафедра болып бөлініп шықты. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып 2001-2004 жылдар аралығында т.ғ.к., доцент Қ.Ю.Оразов атқарды. 2004-2005 оқу жылында аға оқытушы Қ.С.Анарбаев меңгеруші болса, 2005 жылдың 1 қыркүйегінен  кафедраны т.ғ.д., профессор қызметі міндетін атқарушы, МАНПО-ның корр. мүшесі Б.Р.Найманбаев басқарып келеді.

Кафедраның 2001-2004 жылдар

аралығындағы меңгерушісі, т.ғ.к.,

доцент Оразов Қошкар Юсупович

 

 

 


 

Кафедраның 2004-2005 жылдар

аралығындағы меңгерушісі, аға

оқытушы Анарбаев Қайрат

Сапарханович

 

 

Кафедрада тарихшылар мен географ мамандар даярлауда университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру бағыттарында бір қатар жұмыстар атқарылды.

5В011400-«Тарих», 5В011600-«География», 5В012900-«География-тарих» мамандығы бойынша маман даярлайтын  кафедраның жалпы штаттағы профессор-оқытушылар құрамының саны – 11, оның ішінде 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты мен 1 философия докторы (PhD) болса, 5-еуі магистр, аға оқытушылар қызмет атқарады. Кафедраның ғылыми әлеуеті - 55% ды құрайды.  Кафедра Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «2014 жылдың үздік кафедрасы» номинациясының иегері.

«2014 жылдың ҮЗДІК  КАФЕДРАСЫ»

Жалпы студенттер контингентінің штаттағы профессор-оқытушылары құрамына шаққандағы ара қатынасы 1/8-ді құрайды. Кафедрада профессор-оқытушылардың 90 ℅ мемлекеттік тілде сабақ жүргізеді. Профессор-оқытушылардың негізгі базалық жоғарғы білімі оқытатын пәндеріне сай. Кафедра оқытушылары халықаралық, республика және қала шеңберінде өткізілетін ғылыми практикалық және ғылыми теориялық конференцияларға қатысып отырады. Студенттердің ғылыми жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, мұражай-мұрағат деректерін жинақтау, сақтау, жариялау бағытында кафедраның ұйымдастыруымен «Өлкетану», «Жас тарихшы» және «Глобус» үйірмелерінің жұмысы айтарлықтай нәтиже беріп келеді.

2017-2018 оқу жылындағы кафедра ұжымы

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, тарих және география» кафедрасы  басқа жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатып келеді. Атап айтар болсақ Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен, «Низами» атындағы Ташкент мемлекеттік университетімен және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттерімен ғылыми-әдістемелік байланыстар жасалған. Кафедраның басшылығымен университеттер аралық тарихи-танымдық экспедициялар ұйымдастырылып туған өлкенің тарих, мәдени және киелі жерлеріне экскурсиялар жасалап тұрады.

Оңтүстік Қазақстандық тарихшылар Алаштың 100 жылдығына орай ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында «Рухани жаңғыру: Алаш және Азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы кезінде. Астана. 2017 жылғы 10 қараша.

    Конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізу сәті.

Кафедра оқытушылары  ҚР Президенті - Ұлт көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауларын оқып-үйрену мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімшілігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық тобының белсенді мүшелері. Сонымен қатар университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында Жолдауды насихаттау тұрақты түрде жүргізіліп, дәріс және семинар сабақтарында баяндалады.

Студенттер ОҚПУ-дың «Ғылым жылына» табысты үлес қосты

2017 жылдың 15-інші қарашасы мен 15-інші желтоқсаны аралығында «Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне 25 жыл» толуына орай қазіргі таңдағы мемлекеттік архивтердің қоғамдағы ролі, маңызы, атқаратын  қызметін жас ұрпаққа насихаттау, архив қойнауларында сақтауда тұрған құжаттарды жарыққа шығару идеясымен Шымкент қаласында орналасқан жоғарғы оқу орындарының тарих факультетінің студенттері арасында архив құжаттары негізінде ғылыми-шығармашылық жұмыстар бойынша байқау-конкурс өтті.

Оңтүстік Қазастан педагогикалық университеті атынан байқауға қатысқан 5В0114-тарих мамандығының 4 -курс студенті Тюмабек Жұлдызай (ғылыми жетекшісі:– т.ғ.д., профессор қызметін атқарушы Б.Р.Найманбаев) «Жазықсыз қудаланған тұлғалар» атты тақырыбында және 1-курс студенті Маккамбаева Дилбар (ғылыми жетекшісі – философия докторы(PhD), М.К.Алдабергенова)««Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасы архивінен әкелінген құжаттар» атты тақырыбында ғылыми-шығармашылық жұмыстарын сәтті қорғап шықты

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша «Архив – тарих қазынасы» атты еркін тақырыпта ОҚПУ-дың 4-курс студенті Тюмабек Жұлдызай «Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша 1-орынды, 1-курс студенті Маккамбаева Дилбар  3-орынды иеленіп, ОҚПУ-да биылғы жарияланған 2017 жылғы «Ғылым жылына» өз үлестерін қосып, жылды табысты қорытындылады. Студенттерге шығармашылық табыс тілеп, жоғары биіктерден көріне берулеріне тілек білдіреміз.

Суретте: ОҚПУ-дың жеңімпаз студенттері ғылыми жетекшілерімен бірге

Суретте: «Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне 25 жыл» мерекесіне қатысушылардың бір тобы.