ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Химия және биология кафедрасы

Кафедра өмірі

«Химия және биология» кафедрасының тыныс-тіршілігі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының ашылу тарихы педагогика факультетінен бастау алады. 1998-1999 оқу жылында «Педагогика» кафедрасы болып құрылып, п.ғ.к.,доцент Қаржігітова К.Н. кафедраға жетекшілік етті. 2000-2001 оқу жылынан бастап «Педагогика және психология» кафедрасы болып қайта құрылып,кафедра меңгерушісі болып доцент Сарсекенова А.Ж. тағайындалды. Бұл кафедра кейінен «педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» кафедрасы болып өзгерді. 2001 жылы «Ғылыми-жаратылыстану пәндері» кафедрасы өз алдына бөлініп шығып, 2001 жылы кафедраның аға оқытушысы Жарқынбеков М.А. кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Жаратылыстану пәндері кафедрасын қалыптастыру қорытындысы 2003 жылы аяқталды.(Кафедра меңгерушісі Насриддинов Ф.) Жаратылыстану пәндері кафедрасының ұйымдастырылуы бірнеше мамандықтармен бірлесіп өтті. Қаржыландыруды оңтайлы игеру үшін кадрлар даярлау және оқу алаңдарын тиімді пайдалану мақсатында жаратылыстану пәндері-биология, химия және география мамандықтарымен біріктірілді. 2006 жылы ол «Биология және химия» деп жоғарыда аталған университеттің кафедрасы болып өзгертірілді. 2004-2005 оқу жылында кафедра оқытушыларының атап айтқанда Ф.Насриддинов, А.Юлдашев, Ж.Оспанов, С.С. Алимбеков, М.Д.Бутаев, С.А.Сарсекенова , Т.С.Ибрагимов, Р.У.Мамыковалардың ғылыми мақалалары халықаралық ғылыми теориялық конференцияларда жарияланып, журналдарға басылды. Сонымен қатар Е.Тұрсынқұлов, Ф.Насриддинов, Л.Тұрсынқұловалардың авторлық етуімен 4 оқу құралы, 20 астам ғылыми мақалалар жарияланды. 2004-2005 оқу жылында С.У.Шілімбет, Г.Төрегелді, Ж.Медеубекова, 2005-2006 оқу жылында Ш.Балабекова магистрлік диссертацияларын, 2006 оқытушы Т.С.Ибрагимов «Оңтүстік Шығыс Қызылқұм жайылым өсімдіктеріне антропогенді факторлардың әсері» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады. 2006 жылы кафедрадан «География» мамандығы бөлініп шықты. 2006-2007 оқу жылында кафедраның құрамында 24 оқытушы-профессор оның үшінде 3 ғылым докторы – профессор, 15 ғылыми кандидат, 1 аға оқытушы, 1 аспирант, 3 биология магистрі жұмыс жасады. 2009-2010 оқу жылында 17 профессор-оқытушы, оның ішінде 2 ғылым докторы-профессор, 12 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы қызмет атқарды. Бұл жылы Т.С. Ибрагимовтың монографиясы жарық көрді. Кафедра доценті С.С.Алимбеков «Протеин мөлшерін жіктеу негізінде қаракөл қойларын азықтандыруды жетілдіру» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғады. 2012-2013 оқу жылында кафеддра меңгерушісі болып б.ғ.к. Мамыкова Р.У. тағайындалды. Профессор-оқытушылар 24, оның ішінде 1-профессор, 14-ғылым кандидаты, 1 аға оқытушы, 6 магистр, оның ішінде ғылыми дәрежесі барлары-71%. 2012 жылы кафедраның профессор-оқытушылары монография және оқу құралдарын (Сихымбаев Ә.Е., Мамыкова Р.У., Жумабаев Ш.А., Сарсекенова А.Ж.) баспадан шығарды. 2013 жылы 2-университеттің Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Халықтар достығы университеттер біріктірілуінен кейін Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасы болып өзгертірілді. Кафедраның үздік профессор-оқытушылары: Сарсекенова А.Ж., Елубаев С. және Насриддинов Ф. ОҚПУ-нің 20 жылдығына арналған «Үздік қызметкері» төс белгісімен марапатталды. 2013-2014 жылдардың қорытындысы бойынша кафедраның аға оқытушысы а.ш.ғ.к. Жигитеков Т.А. « 2013 жылдың Үздік оқытушысы», ал 2014 жылы б.ғ.к. Р.У.Мамыкова «2014 жылджың Үздік оқытушысы» номинациясымен марапатталды. «Жаратылыстану пәндері» кафедрасы «2013 жылдың Үздік кафедрасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 2014-2015 оқу жылында университет оқытушыларның кәсіби деңгейін бағалау мақсатында құрылған комиссия жұмыс атқарып, нәтижесінде « Жаратылыстану пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Шілімбет С.У. сабақ өту шеберлігі бойынша үздік атанды. «Жаратылыстану пәндері» кафедрасы аға оқытушысы Балабекова Ш.Т. «Жыл тәлімгер-2016» байқауына қатысып бас жүлде жеңімпазы атанды. «Жаратылыстану пәндері» кафедрасы аға оқытушысы Сарсекенова А.Ж. 2015 жылы биология пәнінен 2 студентті дайындап, Павлодар қаласында өткізілген студенттердің Республикалық VII олимпиадасына қатысып, командалық ІІІ орынды иеленді. Аға оқытушы т.ғ.к. К.Тулешова химия пәнінен 3 студентті дайындап Қостанай педагогикалық университетінде «Химия» мамандығы бойынша VII Республикалық студенттік олимпиадасына қатысып «Үздік экспериментші» номинациясын алды. 2016 жылдың наурыз айында университет ОҚПУ лицензиясын қайта қалпына келтірді. Қазіргі таңда «Химия және биология» кафедрасында 1 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаттары, 2 Ph докторы, 7 магистр қызмет атқарады. Кафедра қызметкерлері студенттермен бірге 2 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде: « Жоғары танидті өсімдіктердің Қазақстанның Оңтүстігінде таралу аймағын және олардың пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу» (жетекші а.ш.ғ.к. Жумабаев Ш.А.); « Төменгі температуралы өсу ортасында өсімдіктердің жылу түзуін зерттеу» (жетекші а.ш.ғ.к Жумабаев Ш.А.). 2017 жылдың күз айында университет профессор- оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі жариялаған ғылыми грант конкурстарына 3 ғылыми жобалармен: «Оңтүстік Қазақстан облысын ландшафтты зерттеу, өсімдікті-шикізатының экологиялы-географиялық картасын жасау, табиғи қорын анықтау және эфир майын алу»(жетекші б.ғ.к. Ибрагимов Т.С.); «Оңтүстік Қазақстанның өсімдікті шикізатын пайдалана отырып тромбоцитті әсер ететін биологиялық белсенді препаратты түзу технологиясын жасау» (жетекші т.ғ.к. Турабекова Г.З.); «Индуцияланған иммунитет негізінде егісті қорғауды экологизациялау үшін дәнді дақылдар сорттарының ауруға төзімділігін арттыру» (жетекші Ph докторы Шапалов Ш.Қ.) .