ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Университет тарихы

ТАРИХЫ

КСРО ыдырап, бұрынғы Кеңес Одағының нарықтық экономикалық элементтері пайда болған кезде білім беру бағытында Жоғарғы оқу орындарының жаңа түрі – (мемлекеттік емес) жекеменшік оқу орындары пайда болды.

Қазақстанда Жоғарғы оқу орындары Халықаралық тәжірибеде қазіргі заманғы идеялар қолданылды.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – Қазақстандағы жекеменшік Жоғарғы оқу орындарының алғашқысының бірі (лицензия 00002).

Жоғарғы оқу орнының тарихы 1992 жылғы Х.А.Яссауи колледжінің құрылуынан басталды.

Колледж негізінде Шығыстану институты құрылды.

Жаңа мыңжылдықтың басынан бастап Қазақстан аяқтан тұра бастады.

Тұрақты ішкі әлеуметтік саяси ахуал, мемлекет экономикасының өсуіне ықпал етті.

Шындығында білім беру – елдің зияткерлік әлеуетін және ел экономикасын көтерудің негізгі факторы екендігі белгілі.

Біздің жоғарғы оқу орны алға дами бастады.

Аталған оқу орны кеңейіп, мәртебесінің өсуіне байланысты 2000ж Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті болып өзгерді.

Даму динамикасы әрқашан оң болды – жылдан-жылға профессор- оқытушылар құрамы және материялдық базасы нығайтылды.

Юнусов Бақтияр Сайдұлы (1954-2010 ж.) – профессор, арабтанушы – ғалым, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының және Ресей Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент мүшесі, ОҚПУ профессоры.

Юнусов Бақтияр Сайдұлы ағарту саласының жаңа қарқынмен, жаңа бағытта өсіп-өркендеуіне қажырлылықпен бүкіл өмірін арнады.

Кеңес үкіметі тұсындағы тағдыры талқыға түскен 90-жылдары өзге де одақтас Республикалармен қатар Қазақстанда саяси, әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бағындырды. Басқа түскен бұл қиындықтарды Б.Сайдұлы басқарған Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті де белсенділік таныта отырып, абыроймен бағындыра алды.

Алынған белестерді Б.Сайдұлы төмендегі әріптестерімен бірлесе, ақылдаса отырып, жүзеге асырды.

Олар:

Мейірбек Оразов – бірінші ректор, ф.ғ.к. докторы, профессор танымал тюрколог, лингвист (2000-2002 ж)

Мұсақұлов Әмір Мұсақұлұлы – филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Жолдасов Сәбит Жолдасұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор ректор ОҚПУ (2004-2008 ж.ж.)

Гриневич Юри Павлович – ОҚПУ президентінің кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.

Сыздықов Керімбек Сыздықұлы – профессор, филология ғылымдарының докторы.

Қаражігітова Клара Нұрмағанбетқызы – профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Ауанасова А.М. – тарих ғылымдарының докторы, профессор.

2007 жылы иеленген Сократ атындағы орден ОҚПУ-дың халықаралық деңгейдегі алғашқы үлкен жеңісі болып есептеледі.

Сократ атындағы Халықаралық ғылыми комитет құрылтайшы Б.С.Юнусовтың еңбегін бағалап, Сократ орденімен қоса «Ғылымдағы Есім» халықаралық сыйлығымен марапаттады. Б.С.Юнусовтың есімі әлемнің ХХІ ғасырдағы танымал ғалымдарының тізіміне тіркелді.

ОҚПУ-дың бүгіні

Мадияр Бақтиярұлы Юнусов

2010 жылдан Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің Президенті болып тағайындалды.

Мамандығы: Құқық және экономика. Жоғарғы оқу орнында өскелең ұрпақты тәрбие мен білім беру саласындағы жаңашыл бағыттағы атқарған ауқымды еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин» медалімен, «Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов» орденімен, Республикалық Қоғамдық бірлестігінің «Ауғанстан Ардагерлері» орденімен, Ресей Академиясының алтын медалімен марапатталады.

Еуропалық интеграция саласына қосқан қомақты үлесі үшін халықаралық «Обзединенная Европа» жүлдесімен (2011); Жеке атына берілген «Құрмет жұлдызы», «Қазақстан эканомикасы» ордендерімен марапатталған.

Жоғарыдағы жетістіктердің барлығы М.Бақтиярұлының еліміздің экономикасының дамуына қосқан үлесінің дәлелі (2014);

«2015 ж. Үздік басқарушы» сертификатымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2015);

Еуропа Бизнес Ассамблеясының (Комитет Сократ, Оксфорт, Великобритания, 2015ж) «Үздік менеджер-қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасында 20 жылдан аса уақыттан бері әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, білім саласының дамуына үлес қосуда. Еліміздің Оңтүстігінде орналасқан университет білім саласындағы дамудың жаңа жолдарын, жаңаша тәсілдерін пайдалана, дамыта отырып, шетелдік әріптестермен әрдайым тығыз байланыста.

Бүгінгі таңда университет көпсалалы жоғарғы оқу орны ретінде жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мүмкіндігіне ие болды. Бакалавр бойынша 30 бағытта, магистрлік сала бойынша 11 бағытта білім беруде.

2004 жылдан бері студенттерге білім беру кредиттік технологиясымен Еуропалық жоғарғы білім беру стандарттарына барынша жақындатылуда.

Университет мектеп мұғалімдерін, заңгерлер, экономистер, бағдарлама жасаушылар даярлайды. Елімізге қажетті педагогикалық мамандарды даярлап шығару – Университет ұстанған басты стратегия.

Университеттің профессор – оқытушыларының құрамында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт, ғылым және білім саласының білгір мамандары мен үздіктері жетерлік.

Жылдан – жылға Университеттің материалдық оқу базасы толықтырылып, нығая түсуде. Облыс Орталығында орналасқан 6 жатақхана, 2 кітапхана 2 жабық спорт комплексі, зертхана мен шеберханалар, компьютерлік дәрісханалар заманауи үлгіге сай жабдықталған.

Студенттерге интерактивті такта мен лингофондық кабинет, сот отырыс залы, сараптама кабинеті, химия және биологиялық зерттеханалары, университет мұражайы қызмет көрсетеді.

Мультимедиялық аудиториялар мен компьютерлік кабинеттер, зертханалар, шеберханалар, лингофондық кабинеттер интернет желісіне қосылған локальдық байланыс жүйелері бар.

Студенттердің жұмыс істеуіне жағдайлар жасалып, ақпараттық материалды іздеп табуда университетте WI-FI орнатылған, WI Max технологиясына көшу іске асырылуда.

Студенттер үшін оқу, кино залы, конференция залы, 500 орындық акт залы, 2 жатақхана, 1 кафе, 3 асхана, 4 мед.пункт іске қосылды. Студенттер оқу үрдісінің ұйымдастырылуы және өздерінің оқу үлгерімі жайынан хабардар болуы үшін, «ИСВУЗ» бағдарламасы енгізілген.

Бізде ғылым мен білім жүйесінде өзара байланыс қамтамасыз етілген. Студенттер республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, конкурстары мен республикалық пәндік олимпиадаларға, республикалық студенттік конференцияға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырады.

Бүгінгі күні мамандар дайындау әлемдік білім беру кеңістігінің интеграциясы мен білім беру сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық байланыссыз жүзеге асуырылуы мүмкін емес. ОҚПУ серіктестерінің саны мол. Алыс, жақын шетел университеттерімен, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз, Тәжікстан, Түркия, Германия, Англия (Бристаль университеті), Америка (Кембридж университеті) және Қытаймен екі жақты серіктестік қатынас орнатылған. Университеттің басты мақсаты алыс – жақын шетел университеттерімен екі жақты серіктестік қатынастарды барынша жетілдіру. Біздің студенттер мен магистранттар Түркия, Ресей, Қырғыстан, Мардова, Өзбекстанда ғылыми іс-тәжірибеден өтуде.

Студенттердің ғылымға қабілетін арттыру мақсатында әртүрлі жастар ісі бойынша комитет, студенттік кеңес, «Аманат» КТК командасы, «Жас қазақ» дебат клубы, «Қыздар кеңесі», «Шаттық студенттік театры», «Еркеназ», «Таң шолпан», «Гульзирай» би ансамбльдері жұмыс істейді. Университетте 30-ға жуық ғылыми үйірмелер, спорттық және творчествалық секциялар қызмет жасайды. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай университетте студенттер Ассамблеясы құрылып, мамыр айында тұсаукесері болып өтті.

Студенттердің жоғарғы оқу орнының басқару ісіне белсенді араласу мүмкіндіктері бар.

Жоғары оқу орнының басшылығымен студенттердің арасында серіктестік қарым-қатынас орнаған. Студенттер өз таланттарын кез келген бағытта көрсете алады.

Кәсіби педагогтар мен материалды-техникалық базаның жақсы болуы қоғамда бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Университет қалыптасқан 20 жылға жуық уақытта университет қабырғасынан 22000 білікті маман шықты, олар Қазақстан Республикасының ғылымын, білімін, мәдениетін, экономикасын өркендетуге ат салысуда. Оңтүстік Қазақстанның білім саласындағы 40% жуық мұғалімдер біздің университет түлектері.

Университет түлектері Шымкент қаласының және ОҚО мектептерінде, бала бақшаларда, балалар ауруханаларында, ХҚКО- да, спорт мектептерінде, спорт және туризм департаментінде, мал және өсімдік шаруашылық оңтүстік- Батыс Ғылыми-зерттеу институтында, мемлекеттік колледждер мен жоғарғы оқу орындарында қызмет жасауда.

Қазіргі кезде университетте кадрларды дайындау құрылымы республика мен аймақтағы қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Күндізгі бөлімде оқитын түлектердің 75 % мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан, сыртқы бөлімнің 62 % өз профилі бойынша жұмысқа тұрған.

Біздің университет Қазақстан мен Оңтүстік аймақтағы тұрғындар арасында кең көлемде сұранысқа ие.

Кез-келген мекеме немесе кәсіпорынның табысы мен кең танылуының көрсеткіші оның марапаттары саналады. Жиырма үш жыл ішіндегі ерен еңбек тек біздің Республикамызда ғана емес, жақын шетел елдерінде және әлемдік ғылыми қоғамда бағаланды.

Біздің университет активінде 100 диплом, мақтау қағаздары, куәліктер және сертификаттар бар.

Универсиеттің көп жылдық ғылыми-педагогикалық еңбектерін ескере келіп, мынадай марапаттар сыйлаған:

  • Білімге қосқан үлесі үшін Халықаралық «Сократ» орденімен;
  • «ТМД ең үздік компаниясы» номинациясы бойынша «Знак Почета- Звезда Содружества» халықаралық сыйлығының лауреаты;
  • «Сапаның алтын белгісі» дипломымен
  • Европа интеграциясының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Бірлескен Европа» Халықаралық премиясы.
  • «Лидер Отрасли -14» қабырға медалімен және «Лидер отрасли -14» ұлттық сертификаты;

2015 жылы біздің ұжымымыздағы тиімді қызмет үшін жаңа марапаттаулар алды. Сократ комитеті мен Еуропалық Бизнес Ассамблеясынан 5 жыл мерзімге «Ең үздік университет» Сауда белгісінің 5 жылға лицензисымен, «Ең үздік университет» халықаралық сертификатымен марапатталды.

ОҚПУ Президенті «Ең үздік менеджер-қызметкер» болып танылып, төсбелгімен марапатталды.