ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Педагогикалық факультет

 

  Байбекова  Мадина Махмудхановна

  Педагогикалық факультетінің деканы,
  Педагогика ғылымының кандидаты, доцент м.а.

  Байланыстар:
  Мекен-жайы: 160012, Шымкентқ., Тоқаев көшесі, 27 «А»,
  Телефоны: /7252/- 53-67-82, іш.116
  Web-сайт: www.ukpu.kz

 

Факультет жаңалықтары

Кафедралар:

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика және  психология

Қазақстанның қазіргі заман тарихы, тарих және география кафедрасы

Университеттің миссиясы
Болашақ мамандарға лайықты білім

Факультеттің миссиясы
Білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандарын дайындау

Факультет туралы жалпы мәліметтер

Педагогикалық білім – білім беру жүйесінің негізі болып саналса, мұғалім – оның басты фигурасы. Педагог қашан да әлеуметтік жетілген, шығармашылық тұлға әрі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерін меңгерген құзыретті маман болып саналады. Бұл дегеніміз, педагог – кәсіби жетілуге қабілетті әрі талпынатын тұлға.

Педагогика факультеті – инновациялық педагогикалық технологияларды құрастыру мен апробациялау бойынша зертхана іспеттес. Факультеттің оқытушылар мен студенттері педагогикалық үдеріске белсене араласып, өздігімен жетілу мен өсуге әрдайым талпынып отырады.

Өзінің көп жылдық тарихында факультет аймақтың жоғары білікті мамандарына деген қажеттіліктеріне толық сай келетін 500-ден астам бастауыш мектеп мұғалімдерін, жоғары оқу орындары, колледждердің оқытушыларын, мектепке дейінгі білім беретін мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлерін, практикалық психологтарды, логопедтерді, дефектологтарды, арнайы қызметкерлерді, әлеуметтік педагог-психологтарды, әлеуметтік педагогтарды дайындап, шығарды.

Факультетте сапалы білім алу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Факультет құрамында 3 кафедра жұмыс жасайды: «ПБОӘ», «Педагогика және психология», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы, тарих және география». Мыңдаған студенттің лайықты білім алуы үшін жетілген материалды-техникалық база қалыптасқан.

 

Мамандықтар:

Бакалавр

Магистратура

5В010100 – Мектепке дейінгі білім және тәрбие

5В010200 – Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі

5В010300 – Педагогика және психология

5В010500 – Дефектология

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

5В011400 – Тарих

5В011600 – География

5В012900 – География-Тарих

6М010200 - Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі

6М010300 – Педагогика және психология

6M010500 – Дефектология

 

Оқу формалары

  • күндізгі
  • кешкі
  • сырттай

 

Оқыту технологиялары

  • кредиттік
  • қашықтықтан

 

Оқу тілі

  • қазақша
  • орысша