«АЛТЫН ДАУЫС – 2018» ӘН БАЙҚАУЫ ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«АЛТЫН ДАУЫС – 2018» ӘН БАЙҚАУЫ

23 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Президенті Юнусов Мадияр Бахтиярұлының қолдауымен, БАҚ өкілдерінің қатысуымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ОҚПУ Президентінің арнайы жүлдесі үшін «Алтын дауыс - 2018» жастар арасындағы ән байқауы ұйымдастырылды.Кастингке 40-тан аса үміткер қатысып, 14 үміткер комиссия шешімі бойынша іріктелініп алынды. Сайыста жеңіске жеткен қатысушылар:

Бас жүлдені «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Кеңесбай Алтынай 150 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды;

I-орынды «Биология» мамандығы 2 курс студенті Маханбетова Ақерке 100 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды;

II-орын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы 1 курс студенті Қалдарбеков Али 50 000 теңге  көлемінде сертификатпен марапатталды;

III-орын «Музықалық білім» мамандығы 1 курс студенті Аманбай Бауыржан 30 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.