ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Академиялық ұтқырлық

Жалпы Мәліметтер

Шетел студенттері үшін анықтама

 

Сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру

Cыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге оқуын шыңдауға мүмкіндік алған студенттер тізімі:

Аты-жөні

Мамандығы

ЖОО атауы, елі

1

Бейбутов Райымбек

5В050600

«Экономика»

Кипр Халықаралық университеті,Түркия (Солтүстік Кипр)

2

Сарманова Басима

5В011900

«Шетел тілі: екі шетел тілі»

UCSI Университеті,

Малайзия

 

ОҚПУ студенті Кипрде!

5В050600 «Экономика» мамандығының студенті – Бейбутов Райымбек әріптес-ЖОО өткізген семестрі жайында өз әсерімен бөлісуде:

«Кипр Халықаралық университеті» – жас, динамикалық, болашаққа ашық және берік іргетасында құрылған университет. Сондай-ақ, Кипр халықаралық университетінде  шетелдіктер үшін оқу орталығы бар.  Алғашқы аптасында қажетті құжаттарды дұрыстап, пәндер таңдалды, және қажетті құжаттамалар толтырылды.  Сыныптарда менің оқу кестеме байланысты сабақтар өткізілді. Солтүстік Кипр тұрғындарымен сойлесуге, араласуға оңай болу үшін түрік тілі пәні сабақ кестесіне қосылды.

 Солтүстік Кипрге келгеннен соң, мені университет өкілі қарсы алып кампусқа жеткізді. Университет кампусында жатақхананың 5 түрі бар, жеке ерлер мен әйелдерге, бірлескен жатақхана бар. Кампуста кір жуатын бөлме және асхана бар, шетелдік оқытушылар, профессорлар және басқа да қонақтар үшін қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары, кофеханалар және супермаркеттер бар. Жатақханадағы бөлмелер саны 4 және 2 бөлмелі және жеке 1бөлмелілер бар, әрбір бөлмеде жуынатын душ, қабырғаға орнатылған теледидар және шағын тоңазытқыш бар.  Жатақхана тұрғындары Солтүстік Кипр студенттері мен Америка Құрама Штаттарының, Еуропаның, ТМД елдерінің және Азияның студенттері.  Негізгі халық саны түрік тілінде сөйлеседі.

Бірінші аптада түрік тілімен және жоғары оқу орындарымен танысу өткізіліп,  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.  Университеттің түрлі секциялары болды. Спорт кешенінде:  күрес, теннис, футбол, баскетбол, гандбол, т.б. секцияларға кез келген студентке тегін қатысуға мүмкіндік бар.  Демалыс күндері мен Солтүстік Кипр қалаларына сапар жасадым.  Гирне  – тарихи қалалардың бірі маған достарыммен көрсетілді.  Солтүстік Кипрдің шығыс аймақтарында және өзге аймақтарда адамдардың мәдениет айырмашылығымен таныстым. Бұл жерде  адамдар Қазақстан туралы оң әңгімеледі, және олар бізге қызығушылық танытып, өмір мен мәдениет туралы көптеген сұрақтар қойы, біз өз кезегімізде қуана-қуана туған жеріміз туралы ақпаратпен бөлістік.

  

ОҚПУ студенті Малайзияда!

5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті – Сарманова Басима әріптес-ЖОО өткізген семестрі жайында өз әсерімен бөлісуде:

Ең алдымен, мен Малайзияға оқу үшін және Қазақстандағы оқу процессі мен Малайзия елініндегі оқудың айырмашылығын білу үшін  барғанымды айтқым келеді.

Малайзия - тропикалық мемлекет, оның әр аймағынан сіз пальма, папирустар және басқа тропикалық өсімдіктерді көре аласыз. Ауа райы өте ыстық болғандықтан, әрбір ғимаратта кондиционерлер бар, ал тамақтары жайлы айтатын болсам, малайзиялықтар  ащы тамақтарды көп пайдаланады.

Мен Малайзияның астанасы - Куала-Лумпурды да көре алдым және университет жатақханасында тұрдым. Бөлме екі адамға арналған болатын. Бөлме жабдықтары ыңғайлы және қарапайым: төсек, орындық, үстел және шкаф. Әрбір бөлмеде душ және дәретхана бар, әрбір бөлменің есіктер жақсы сақтандырылған. Әрбір есікте ID-картасыз ашылмайтын сенсорлық орнатылған.

Оқуға келер болсақ, мен 4 пәнге қатысып білімімді шыңдадым: АӨК-тегі экспозиторлық жазу, зерттеу әдіснамасы, ағылшын әдебиетіне кіріспе және малай тілі, олардың әрқайсысы өзінше қызықты және күрделі болды. Ағылшын тілін жоғары деңгейде білусемде, ғылыми терминдерді көп болғандықтан оқу қиын болды. Әсіресе зерттеу әдіснамасы бойынша. Өйткені, бұл пән дипломдық жұмысқа тең және университеттің болашақ түлектері қатысады.

Менің сабақтарымның бәрі бір ғимаратта болды, бірақ әртүрлі сыныптарда және әртүрлі студенттермен. Малайзиялық оқыту жүйесінде студенттер  топтарға емес пәндерге қарай бөлінеді, яғни малай тілін оқығысы келетіндер үшін малай тілі тобы құрылады.

Маған сондай-ақ емтихан жүйесі ұнады. 3 айдан кейінгі қорытынды емтихандарда мен барлық пәндер бойынша эссе жаздым. Менің ойымша, бұл оқу процессіндегі бұл сынақ түрі өте тиімді болып табылады.

Сондай-ақ, университеттің өз жеке биохимиялық зертханалары, сыйлық дүкені, жаттығу залы мен бассейні бар. UCSI университеті биыл 35 жасқа толды. Мен Малайзияға барып, оқуға мүмкіндігім болғанына өте қуаныштымын.

Сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру

2017-2018 о.ж. І семестрінде  сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге оқуын шыңдауға мүмкіндік алған студенттер тізімі

Аты-жөні

Мамандығы

ЖОО атауы, елі

1

Гафсалимова Диана

5В011900

«Шетел тілі: екі шетел тілі»

Авейро Университеті,

Португалия

2

Ақжол Ақнұр

5В011700

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Қырғызстан

3

Нурбабаева Динара

5В010300

«Педагогика және психология»

И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Қырғызстан

4

Абдурахманов Рустамхон

5В010900

«Математика»

И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Қырғызстан

5

Уркинбаев Мирлан

5В030100

«Құқықтану»

Қырғыз Республикасының халықаралық университеті

 

ОҚПУ студенті Португалияда!

Қазіргі таңда 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті – Гасалимова Диана  Португалияның Авейро қаласында орналасқан Авейро Университетінде өз білімін шыңдап жатыр. Студентімізге қызыққа толы студенттік шақ, оқуын сәтті аяқтауын тілей отырып, Португалиядағы оқу процессі жайлы өз әсерімен бөлісуді сұраймыз!

   

Ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру

2017-2018 о.ж. І семестрінде Қазақстандық ЖОО-мен жасалынған келісімшарттар негізінде Ішкі акдемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға жіберілген студенттер тізімі:

Студенттің аты-жөні

Мамандығы, курсы

Серіктес-ЖОО, қаласы

1

Аймахан Ақерке

5В010300 «Педагогика және психология», 3-курс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы

2

Анаркулова Дилрабо

5В010900 «Математика», 3-курс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы

3

Құралбаева Жұлдызай

5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті», 3-курс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы

4

Садирханова Зилола

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 2-курс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы

5

Абдираимова Сарвиноз

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 2-курс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы

6

Тохтаметова Рухсара

5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті», 3-курс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы

7

Дүйсен Жұлдызай

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 2-курс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы

8

Танишев Айткали

5В030100 «Құқықтану», 3-курс

Академия “Болашақ”, Қарағанды

9

Абдуразакова Курбоной

5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті», 3-курс

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе

10

Колдарова Роза

5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті», 3-курс

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе

11

Абдуллаева Сандугаш

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 2-курс

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе

12

Нұржау Ұлжарқын

5В030100 «Құқықтану»,2-курс

"Сырдария" университеті, Жетісай

13

Аллаберген Мейрбек

5В060200 «Информатика», 3-курс

"Сырдария" университеті, Жетісай

14

Батырбек Алтынай

5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті», 2-курс

"Сырдария" университеті, Жетісай

15

Өскен Ерсұлтан

5В030100 «Құқықтану»,3-курс

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент

16

Мырзалы Ділмұрат

5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 2-курс

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент

17

Юлдашев Абдулазиз

5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 2-курс

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент

18

Хайдаров Сирожиддин

5В010900 «Математика», 2-курс

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент

19

Зияхан Әлімжан

5В030100 «Құқықтану»,3-курс

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент

20

Баймахан Әбілқайырхан

5В030100 «Құқықтану»,3-курс

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент

21

Рақымжан Раушан

5В030100 «Құқықтану»,2-курс

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент

 

Мен, Тохтаметова Рухсара Тойчивайевна, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің филология факультеті « қазақ тілі және әдебиет» мамандығының екінші курс студентімін. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне 2016 жылы бірінші курс студенті болып қабылдандым. Осы оқуға түскенде мен өзімді өте бақытты адаммын деп есептедім. Себебі университеттің мұғалімдерінің білімді әрі біліктілігі, студенттердің білім алуға деген ынтасы өте зор еді. Университетімізде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бар екенін, сол бағдарлама арқылы жақсы оқитын студенттер өзге де университеттерге, шет ел университеттеріне шығуга мүмкіншілігі бар екендігін білдім. Менде осы бағдарлама арқылы өзге де университеттерге баруды ниет еттім, жақсы оқыдым. Қазіргі күнде мені осы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Алматы қаласындағы Абай атындағы көптілді білім беру университетіне (ҚазНПУ) 1 семестірге жіберді. Мен осы университетке келіп Қазақстанның алғашқыуниверситетінде оқып жатқаныма, университеттің әдемілігіне, оның ішінде мұғалімдердің мейірімділігіне, олардың бізге өте күшті білімді беріп жатқандығына қуаныштымын. Мен бұл жерде көп нәрсеге қол жеткізуге, университетіміздегі мұғалімдердің бізге деген сенімін ақтауға тырысып жатырмын. Айта кететін болсақ осы университет студенттерінің білімге деген талабы өте күштілігіне көзім жетті. Алматыдағы осындай атақты Абай атындағы университетіне келгеніме, профессор, аға оқытушы, мұғалімдерінен білім алып, білмейтіндерімізді сұрап үйреніп жүргеніме мен өте қуаныштымын. Бізге осындай жеңілдіктер жаратып, академиялық ұтқырлық пен басқа да университеттерге барып, білім алуға мүмкіншілік жасап бергені үшін университетіміздің яғни, ОҚПУ президенті Юнусов Мадияр Бахтиярұлына алғысым шексіз.

Тохтаметова Рухсара, 2-курс студенті

Мен, Абдираимова Сарвиноз Илхамжанкызы 1997 жылы Оңтүстік Казакстан Облысы Сайрам ауданы Карабұлак ауылында дүниеге келгенмін.Мектепті бітірген соң Оңтүстік Казакстан Педагогикалык Университеті филология факултетіне окуға түстім.1 курста окып жүрген уакытымда академиялык Ұткырлык бағдарламасы бар екенін есітіп оған әрекет жасадым.Біз студенттер білім сапамызды арттыруымызға,білімді әрі білікті кадр етіп дайындау максатында Юнусов Мадияр Бахтиярұлының Абай атындығы Ұлттык Педагогикалык Университетімен бірге түзген келісім шарты бойынша 2 курсты осы жерде жалғастырудамыз.Бұл Университетке келгенімде өзімде жаңа өмір басталғандай сезіндім,жаңа мұғалімдер жаңа группаластар. Маған Университет өте ұнады профессорлар білімді мұғалімдер талантты да талапты студенттер. Біз Абай Университетінің 9 этаждан курылған корпусында оқимыз.Абай Университетіне көптеген елдерден студенттер келіп  бізбен бірге оқиды.Университет Шетел Университеттерімен бірдей байланыста ,бізге шетелден профессорлар жоғары дәрежедегі мұгалімдер келіп сабақ өтеді.Менің екінші таңдаған тілім Араб тілі, араб тілінен баска кытай, француз,түрік ,неміс тағы баска да тілдері жаксы дамыған.Білім беру сапасы жоғары. Бұл жерде жаксы талапка сай окыған студенттерге мемлекеттік грант иесі атағы беріледі.Студенттердің білімге деген ынтасы күшті.  Президентіміз Юнусов Мадияр Бахтиярұлы және баска да мұғалімдерімнің маған деген сенімін ақтау үшін,бар қайрат күшпен окуға әрекет жасаймын және мені осы деңгейге алып шыккан мұғалімдерім және ата- анама өз алғысымды айтамын.

Абдираимова Сарвиноз, 2-курс студенті

 

ВИДЕО КАЗНПУ ИМЕНИ  АБАЯ

 

2017-2018 о.ж. І семестрінде Қазақстандық ЖОО-мен жасалынған келісімшарттар негізінде Ішкі акдемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ОҚПУ-да білім алып жатқан студенттер тізімі:

Ф.И.О.

Мамандығы, курсы

Серіктес-ЖОО, қаласы

1

Сисенбаева Н.Б.

5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті», 3-курс

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе

2

Әбдуали А.Т.

5В011700 «Қазақ тілі және әдебиеті»,3-курс

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе

 

3

Серік Саида

5В011900  «Шетел тілі: екі шет тілі», 2-курс

"Сырдария" университеті, Жетісай

 

4

Сатыбалдиев Нұржан

5В060200 «Информатика», 3-курс

"Сырдария" университеті, Жетісай

 

5

Зулхайнаров Талгат

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдар.қамт. ету», 2-курс

"Сырдария" университеті, Жетісай

 

6

Қалдарбеков Ержан

5В011400 «Тарих», 3-курс

"Сырдария" университеті, Жетісай

 

 

500 жылдык тарихы бар Барселона Университетінде оқуға мүмкіндік туды!

25.10.2017 жылы, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің президенті Юнусов Мадияр Бахтиярұлы және Халықаралық Ынтымақтастық және Академиялық ұтқырлық орталығының директоры Мамедов Рихсибай Абдурахманұлы Барселона Университетінің ректоры, профессор, Ph.D доктор Хоан Елиас Гарсиа мырзаның қабылдауында болып, екі университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болды.

Кездесу барысында бірнеше бағыттар бойынша: ОҚПУ- дың окытушы - профессорларының біліктілігін асыру туралы, магистранттар және докторанттардың шетелде практикалардан өтуі жайлы, xалықаралық байланыстарды дамыту туралы пікірлер алмасты. Және Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біздің ЖОО студенттерін қабылдауға ниет білдірді.

Алдағы уақыттарда, Барселона университетінің студенттері ОҚПУ- дың қабырғасында да білім алуға ниет білдірді. Кездесу барысында Барселона қаласында ОҚПУ-дың өкілдігін ашу туралы келіссөздері жүргізілді. Күннің екінші бөлімінде, Барселона университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, профессор, Ph.D доктор, Микель Робер Феррер мырзамен кездесу болып, алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстар жөнінде жоспарлар жасалынды.

ОҚПУ мен Авейро Университеті арасындағы ынтымақтастық нығая түспек!

2017 жылдың 27 қазан күні, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің президенті Юнусов Мадияр Бахтиярұлы Авейро Университетінің ректоры Мануел Антонио Котао Де Ассунсао мырзаның қабылдауында болды. Кездесу ОҚПУ мен Авейро Университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінен басталды.  Университеттің халықаралық ынтымақтастығының географиялық картасын дамыту, окытушы-профессорлардың біліктілігін асыру, магистранттар мен докторанттардың шетелдік практикалардан өтуі және академиялық ұтқырлық бағдарламаcын жүзеге асырып, оны дамыту мақсатында келіссөздер жүргізілді.

Мадияр Бахтиярұлы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 119-51 тобының студенті Гафсалимова Диана Батырбекқызын 1 семестр көлемінде Авейро Университетінде білім алуға орналастырып, Қазақстанның студенттеріне арналған жатақхананың жоғарғы деңгейде екенін көріп, оқу-жаттығу кампустарымен танысты. Гафсалимова Дианаға оқуда сәттілік, елге аман-есен оралуын тіледі. Алдағы уақытта ОҚПУ-дан келіп білім алатын студенттердің қатары көбейетіндігі тілге тиек етілді. Кездесу соңында сыйлық ретінде Авейро университетінің ректорына қазақша шапан кигізіліп, 5 профессорды тегін шақыру туралы сертификат табысталды.