ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Магистратура

Жалпы ережелер

ОҚПУ-ға магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

Магистратураға және докторантураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Мынадай емтихандар бойынша: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFLITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-basedTest (TOEFLIBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); неміс тілі: Deutsche Sprachprьfungfur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefrancaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

Магистратураға және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

 

Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:

  • ұйым басшысының атына өтініш;
  • жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

 

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандықбойыншатапсырады.

Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);

2) мамандық бойынша тапсырады.

Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.

Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

 

Магистратураға және докторантураға қабылдау

Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

 

Мамандықтар тізімі

Магистратура мамандықтары

1

6М010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

2

6М010300 – Педагогика  және психология

3

6М010500 – Дефектология

4

6М010900 – Математика

5

6М011200 – Химия

6

6М060700 – Биология

7

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

8

6М020700 – Аударма ісі

9

6М030100 – Құқықтану

10

6М050600 – Экономика