ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Шетел филологиясы кафедрасы

Артықбаева Фазила Ілмарқызы
Кафедра меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты
Шымкент қ., Тоқаев көшесі 27А, А ғимараты, каб.407
+7(7252) 53-71-52, 8-707-1231681
artykbaieva.fazila@mail.ru

 

Кафедраның миссиясы: қоғам мен еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру үшін шет тілді білім беру аясында болашақ мамандарға лайықты білім беру
 

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра жаңалықтары

Бейне-сабақтар

ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстары

Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары

Педагогикалық практика

Студенттердің академиялық ұтқырлығы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Халықаралық байланыстар

Кафедраның жетістіктері мен марапаттаулары

Дипломдық жұмыс тақырыптары

Жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер

БАҚ мақалалардың жариялануы
 

Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар.

Кафедра білім берудің заманауи үрдістеріне сай инновациялық технологияларды, оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін белсенді түрде қолданып, білім алушылардың әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруды қолдайды.

Кафедраның мақсаты – шет тілді білім беру аясында тұлғаның интеллектуалды әлеуеті кафедраның міндеттері:

  • студенттердің шет тілдерін меңгеруге деген ықыласын көтеру;
  • полимәдени біліктілікті қалыптастыру мен дамыту;
  • шет тілінде ғылыми-практикалық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • кәсіби ортада тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамыту;
  • шетелдердің мәдени құндылықтарына толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу;
  • білім беру мазмұнын модернизациялау, оқу үдерісінде заманауи технологияларды қолдану;
  • кафедраның профессор-оқытушылар құрамының тілдік дайындығы мен педагогикалық шеберлігін жоғарылату;
  • кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулер аясындағы халықаралық ынтымақтастығын дамыту.


5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі бакалаврының ББ-ның кәсіби сипаттамасы

Кәсіби іс-әрекетінің аясы 
бакалавр өзінің кәсіби іс-әрекеттерін жалпы орта және ортадан кейінгі кәсіби білім беру аясында шет тілінде білім беру саласында жүзеге асырып, өзінің шет тілінің құралдары арқылы тұлғалық дамуын қамтамасыз етеді.

Кәсіби іс-әрекетінің нысандары 
Бітіруші-бакалаврлардың кәсіби іс-әрекетінің нысандары – үздіксіз және сабақтасты шет тілінде білім беретін оқу ұйымдасры:

  • бастауыш, негізгі және кәсіби мектептер;
  • арнайы мектептер;
  • орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары.

Кәсіби іс-әрекетінің пәні

Мамандық бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің пәндері:

  • негізгі шет тілі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • мәдениаралық коммуникация контексінде негізгі шет тілі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • арнайы мақсаттарда шет тілін оқыту бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • негізгі шет тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу тәжірибесі бойынша оқу үдерісін ұйымдстыру;
  • екінші шет тілі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру.


5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша кәсіби іс-әрекеттерінің түрлері:

Мамандық бакалавры мынадай кәсіби іс-әрекеттерді орындай алады:

  • білім беру (педагогикалық): білім алушылардың шет тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға қойылатын халықаралық-стандартты деңгейлік талаптарды ескере отырып, екі шет тілін меңгерген мұғалімнің қызметтерін орындау;
  • эксперименттік-зерттеу: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді меңгеру; шет тілінде білім берудің озық тәжірибелерімен танысу және жалпылау; эксперименттерді жүргізу және оның нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық: шет тілінде әртүрлі деңгейле білім берудің мазмұнын жоспарлау; оқу-білім беру үдерісін ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдерін анықтау; шет тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырудың сапасының менеджменті мен мониторингін жүргізу;
  • әлеуметтік-педагогикалық: дүниетанымы мен сана-сезімі жоғары дәрежеде дамыған полимәдени тұлғаны қалыптастыру;
  • оқу-тәрбиелік: оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық үдерістің тәрбиелеу механизмдерінің заңдарына, заңдылықтарына және ұстанымдарына сәйкес жүзеге асыру; сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жоспарлау қабілетін қалыптастыру; нақты тәрбиелік міндеттерді айқындау және шеше білу; оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формалары мен тәсілдерін таңдау және қолдану; белгілі бір сыныптағы оқушылар, мұғалімдер мен жұмыс жасаушы басқа да тұлғалармен (ата-аналармен) қарым-қатынас орнату; оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өзіндік іс-әрекеттерді құрастырып, ендіру;
  • оқу-техникалық: ақпараттық сауаттылық; оқу үдерісінде жаңашыл технологияларды (оның ішінде шет тілін оқытудың мультимедиялық құралдары) пайдалану мен игеру.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттердің функциялары: 
Бакалавр білім алушының мынадай тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функцияларын игеруі тиіс:

  • мақсатты қоя білу функциялары: коммуникативті-білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары;
  • операциялық-құрылымдық функциялар: гностикалық (зерттеу), құрылымдық-жоспарлау, ұйымдастырушылық.

Кәсіби іс-әрекеттің типтік міндеттері

Шет тілін оқытудың әдістемесі мен сабақтас ғылымдардың (лингвистика, психология, педагогика, психолингвистика) негізгі әдістемесінің теорияларын меңгере отырып, бакалавр кәсіби-бейімделу және оқу-тәрбие міндеттерін айқындап, шеше білуі керек:

  • эвристикалық;
  • мәселелі-ізденушілік;
  • үлгілеуші;
  • аналитика-прогностикалық;
  • оқу-зерттеу сипатындағы.


Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің бағыттары

Орта мектепте білім беретін екі шет тілін меңгерген мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің басты бағыттары оның негізгі және арнаулы біліктіліктерімен сәйкес келеді:

  • бастауыш, негізгі, кәсіби мектептердің сыныптарында және шет тілін тереңдетін оқытатын мектептерде шет тілдерін оқытудың (соның ішінде шет тілінде бірқатар пәндерлі оқытудың) үдерісін ұйымдастыру;
  • шет тілі бойынша сыныптар тыс жұмыстарды жүргізу;
  • шет тілінің құралдары арқылы тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • мектептің бірбүтін педагогикалық үдерісінің жүйесінде тәрбиелік-педагогикалық іс-әрекеттерді жүргізу;
  • өзінің кәсіби-педагогикалық біліктілігін жоғарылату; жаңашыл ақпараттық технологияларды игеру.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны шет тілін меңгерген мұғалімнің маңызды кәсіби дағдылары болып табылады, атап айтсақ:

  • өзінің білім алушылардың екінші шет тілді тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, меңгеріп жатқан шет тілі құралдары арқылы әлемнің инофонды бейнесін көрсетуге қабілетті кәсіби іс-әрекетін педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүзеге асыру;
  • оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін меңгеру;
  • өзіндік рефлексиялау дағдыларын игеру және оқушылардың рефлексивті дағдыларын қалыптастыру;
  • өзінің кәсіби іс-әрекеттерін оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи талаптарына және білім алушылардың шет тілін меңгерудің объективті заңдылықтарына сәйкес жоспарлау; аутентивті, оның ішінде елтанушылық және мәдениеттанушылық сипаттағы материалдарды іріктеу алу және әдістемелік тұрғыдан интерпретациялау;
  • сабақ үстінде шет тілінде қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру және оқушылардың шығармашылық, интерактивті оқу жұмыстарын қолдану;
  • сабақ үстінде әрбір оқушының жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға және оның эмоционалды, шығармашылық, когнититі және тілдік қабілеттерін, басқалармен әлеуметтік өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытатын септігін тигізетін қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру;
  • халықаралық стандарт талаптарына сай келетін бақылаушы-түзетуші механизмдерді қолдану.


5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:

Бакалавр білуі керек: 
түсінігі болуы тиіс:

  • білімнің жалпыадамзаттық құндылық екендігі туралы;
  • тілді айрықша қоғамдық құбылыс екендігі туралы;
  • шет тілінің білім берудің тарихи қалыптасқан тілдік жүйе екендігі туралы;
  • тіл мен мәдениеттің өзара байланысы туралы;
  • тілдің коммуникативті табиғаты туралы;
  • шет тілінің қазіргі полимәдени әлемдегі рөлі туралы білуі тиіс:
  • коммуникацияның іс-әрекеттің ерекше түрі екендігін;
  • «мәдениаралық коммуникация» ұғымының мәні мен оның негізгі түрлерін;
  • меңгеріп отырған елдің елтанушылық, мәдениеттанушылық және лингвомәдени материалдарын;
  • меңгеріп отырған тілдің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын;
  • меңгеріп отырған тілдің елінде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жүріс-тұрыс нормаларын;
  • тілдік құралдар мен ережелерді пайдалану жолдарын;
  • тілдердің өзара байланысы мен өзара байыту жағдайында паралингвистикалық және экстралингвистикалық элементтерді игеруі керек:
  • коммуникативті-тілдік іс-әрекеттердің (ауызша, жазбаша және экстралингвистикалық) әртүрлі тәсілдері мен формаларын пайдалануды;
  • тілдік құралдарды қарым-қатынас жасап отырған серіктестің әлеуметтік мәртебесіне, қарым-қатынас жасаудың мақсаты, орны, уақыты мен бағыттарына сәйкес қолдануды;
  • пікірлерді маңызды мағыналық блоктар аясында түсінуді;
  • өзінің сөйлеу іс-әрекетін ұйымдастыру және ақпараттарды өзара байланысты, логикалық аргументтелген айтылым арқылы беруді;
  •  өзінің тілдік және тілдік емес іс-әрекеттерін меңгеріп отырған тілдің елінің әлеуметтік-мәдени ерекшелігіне сәйкес құруды;
  •  дискурстың әртүрлі түрлерін пайдалануды;
  •  өзінің сөйлеу іс-әрекеті мен серіктестерінің сөйлеу іс-әрекеттеріне бақылау жасап отыруды;
  • аутентивті мәтіндерді оқу / түсінудің әртүрлі стратегияларын пайдалануды;
  • шет тілдерін меңгеру барысында өздігімен білім алу және өзін-өзі жетілдіруді жүзеге асыруды;
  • интеллектуалды сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру: тілдік ақпарттарды салыстыру, салғастыру, топтастыру, топтауды т.б.;
  • мәдениаралық қарым-қатынас барысында өзінің туған елі мен мәдениетін таныту, «екі мәдениет арасындағы диалог» құруды.


Дағдысы болуы керек:

  • тілдік материалды коммуникативті-тілдік іс-әрекеттердің барлық түрлерінде орынды пайдалану;
  • реферативті және анықтамалық материалдарды пайдалану;
  • оқытудың электронды құралдарын қолдану: электронды оқулықтар, электронды сөздіктер, электронды пошта т.б.;
  • шет тілдерін меңгеру бойынша өзінің іс-әрекеттерін өз бетімен құру;
  • лингвистикалық және контексуалды жобалауды қолдана білу;
  • меңгеріп отырған шет тілінің елінде қалыптасқан жүріс-тұрыс және сөйлеу этикетіне сәйкес нормаларды сақтау;
  • шет тілдерін меңгеруде өзіне өзі бақылау жасау және өзін-өзі бақылау технологияларын қолдану.
  • құзыретті болу:
  • шет тілін мәдениаралық коммуникация құралдары ретінде коммуникативті құзыреттілік кешенінің құрамында пайдалануға:
  1. лингвистикалық (тілдік);
  2. әлеуметтік-лингвистикалық;
  3. дискурсивті (сөйлеу);
  4. әлеуметтік-мәдени;
  5. стратегиялық – компенсаторлы;
  6. әлеуметтік.
  • кәсіби-педагогикалық іс-әрекетте: білім алушылардың әртүрлі топтарында оқытудың тиімді технологияларын пайдаланып, рефлексияны өзін-өзі жетілдіру мақсатында жұмыс жасау;
  • әлеуметтік-кәсіби қарым-қатынас: қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасауда толеранттылықты, сөйлеу мәдениеті мен этика көрсете білу;
  • білім алушылардың қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

ҚР әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірінде: басқарудың заманау теориялары, ақпараттық технологиялар мен менеджмент және маркетинг негіздеріне сүйене отырып, білім мен мәдениеттің нормативті-құқықтық актілерін сақтау.

Кафедрада 29 оқытушы жұмыс жасайды (2 PhD докторы), 8 ғылым кандидаты, 1 доцент (ЖАК), 13-і магистрлер.

Кафедра төмендегідей университеттермен тығыз байланыста,  Ресей Тіл білімі Институты  (Ресей), Мәскеу лингвистикалық Университеті (Ресей), Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), Малайзиялық  USDI Университеті және басқа да көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен. 3 курс студенті Сарманова Басима академиялық ұтқырлық шеңбері негізінде 5-ші семестрді Малайзияда оқыды.

3 курс студенті Гафсалимова Диана Португалиядағы AVEIRO университетіне барды.

26 қазан 2017 жылы, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің президенті Юнусов Мадияр Бахтиярұлы Авейро Университетінің ректоры Мануел Антонио Котао Де Ассунсао мырзаның қабылдауында болды.Университеттегі окытушы-профессорлардың біліктілігін асыру, магистранттар мен докторанттардың шетелдік практикалардан өтуі және академиялық ұтқырлық бағдарламаcын жүзеге асырып, оны дамыту мақсатында келіссөздер жүргізілді.

2014 жылдың сәуір айында"New Amici" тілдік ойындар негізінде неміс тілі бойынша Олимпиада өткізілді. Тілдік ойын –  шетел тілін игерудегі ең  тиімді әдістемелердің бірі, оны Максим Меньшенин мырза өткізді. Ол Гете-Институтының үйлестірушісі болып табылады, ол Шымкент қаласындағы мектептерде және ЖОО- да неміс тілін оқыту халықаралық бағдарламасы аясында келді.

2016 жылдың наурыз айында Гете-Институтынан (Германия) неміс тілі оқытушысы, белгілі жазушы Роберт Проссер келді. Мазмұнды дәрістерді аса қызығушылықпен ОП 5В011900-"Шетел тілі: екі шетел тілі" екінші шет  тілі ретінде неміс тілін таңдаған  студенттер  тыңдады.

5В011900 – “Шетел тілі: екі шетел тілі” Мамандығы бойынша бакалавриат түлегіне академиялық дәрежесі бойынша білім бакалавры, 5В011900-“Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығы ол өзінің кәсіби қызметі саласында шеттілдік білім беру саласындағы жалпы орта және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.

5В011900 - Шет тілі: екі шет тілі бакалавр-мамандығы бойынша Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері оқу мекемелерінде  үздіксіз және сабақтас шеттілдік білім беру болып табылады:

  • бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
  • мамандандырылған мектеп;
  • орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

5В011900 – “Шетел тілі: екі шетел  тілі”  білім бакалавры мамандығы  бойынша келесі кәсіби қызмет  түрлерін орындай алады:

  • білім беру;
  • эксперименттік;
  • ұйымдық-басқарушылық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелік;
  • оқу-технологиялық.
     

5В011900 –“Шетел тілі: екі шетел  тілі" бакалавр мамандығы бойынша кәсіби қызметінің функциясы:          

  • шетел тілдері білім беру ұйымдарында оқыту, кәсіптік қызмет объектілеріне сәйкес;                                             
  • шет тілінен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу бойынша;
  • шет тілі құралдарымен тәрбие жұмысын жүзеге асыру.
     

Мекен-жайымыз:Шымкент қ., Тоқаев көшесі 27 А.,

А ғимараты, 407 каб.
email:  artykbaieva.fazila@mail.ru