ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Жалынды Жастар» клубы

 

«Жалынды  жастар»  клубы  2011 жылы  педагогика  және  психология  кафедрасының  жанынан  құрылды.  Клубтың   құрылған  сәтінен  бастап педагогика және психология  кафедрасының  аға  оқтушысы  Чинибаева Г.Д.  жетекшілік етіп келеді.

«Жалынды  жастар»  клубы    екі  бағыт  бойынша  жұмыс  атқарады;

Оқу және  ғылыми  бағытта.

Тәрбиелік және мәдени  бағытта

«Жалынды  жастар» клубының құрылуының негізгі  мақсат  міндеттері:

  • болашақ педагог  мамандарының кәсіби  біліктілігі мен  белсенділігін  арттыру;
  • студенттердің  әртүрлі  әлеуметтік  ұйымдық  бастамаларын  педагогикалық        психологиялық көмек көрсету;
  • студенттердің  кәсіби  тұрғыда  ғылыми  зерттеулеріне  жұмыстарына  баға  беру;
  • студенттердің  жастарда  кездесетін  психологиялық  ахуал, әлеуметтік  проблемаларды  шешуге  көмектесу;
  • психолoг – десант  қызметін  жандандыру;
  • әр түрлі  психологиялық, әлеуметтік  орталықтармен байланыс  орнату;
  • тәжрибелі педагогтар  мен  психолгтардың  тәжірибелерімен  таныстыру  және  тарату.

Клубтың  анты,  жарғысы  бекітілген.

Клубтың  мүшелеріне  тоқталсақ:

Ұйымды  құрудағы  негізгі  жобаны  ұсынған  педагогика  және  психология кафедрасының  III –курс  студентті Исаева  П.А. 2011 жылы  клубтың президентіне  Исаева  П.А.  тағайындалды. Оқу  және  ғылыми  істер  жөнінде  вице  президент Маханбетов  Ж.М. Тәрбие  және  мәдени  істер  жөнінде вице президент  Алмас. А.С. Жауапты  хаттшы Өстемірова  Б. Қ.  тағайындалды.

Жалынды  жастар  клубының  мүшелері өзгеде  топ  студенттеріне тренингтер  жүргізіп, сергіту  сәттерін  аптасына  бір рет  өткізіп, тәжірибелі  психолгтарды шақырып  олардың  тәжірибелерімен бөлісіп  отырады.

2012-2013 оқу  жылының II- жылынан   бастап бастап  клуб  президенті   қызметін Өстемірова Б.Қ. атқаруда.Жауапты  хаттшы Айтубай  Нұрсәуле тағайындалды.

«Парасат» пікір  сайыс  тобының жетекшісі әрі ғылыми істер бойынша вице-президенті  Маханбетов  Жандос тағайындалды.

«Жалынды жастар» клубының «Парасат» ғылыми-зерттеу тобының жас ізденушілер мен оқытушы ғалымдардың оқыту мен тәрбиені, ғылымды бірге ұштастыру мақсатындағы пікірлесу және тәжірибе алмасу семинарын ұйымдастырып отырады.

Тәрбиелік  мәдени  бағыт  құрамында  « Ерке  би»  тобы,  «Қытыктама, өзім күлем» КВН  командасы құрылды.

Клубтың  2012-2013 жылында өткізген  іс – шараларына тоқталсақ:   «Бүгінгі студент, Ертенгі  білікті  кадр»  тақырыбында  пікір  талас, «Этнопедагогика Абайтану» тақырыбында  дөнгелек үстел өткізілді.

«Жалынды  жастар»  клубының  мүшелері  Түркісанда  болып өткен «Жоғарғы оқу  орындары  студенттерінің  арасындағы  V Республикалық  пәндік олимпиядасына»   қатысып  «Өнерлігі мен  шешендігі»  номинациясы бойынша марапатталды.

Сәуір  айында студенттер арасындағы   өткен « Қозы  Көрпеш  Баян  Сұлу» мәдени  іс- шараға клубтың мүшелері  Бедебай  Айнұр  мен  Ержігітов  Мейірбек қатысып  I- орынды  жеңіп  алды.  Әр жылы  клуб   оқу  жылының   соңында өздерінің қортынды  жиналысын  өткізіп  есеп  беріп  отырады.

2013-2014 оқу жылынан бастап клубтың  қоғаммен  байланыс  бөлімі  ашылып,  оған Таласова  Майра жетекшілік жасады.

Сондай ақ, елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын насихаттауда «Жалында жастар» клубы да тыс қалмады.

Елбасымыздың жолдауын жастарға түсіндіру, насихаттау мақсатында  «Ел  тірегі – елбасының   жолдауы» деген ұстаныммен  Әбдірайым Сұңқар, Шәріпбаев Үсен және Садықова Мадинадан құралған топ жұмыс істеді.

Осы оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасымен тығыз байланыс орнатып, ондағы әр бір өткізілетін іс шараға атсалысып, бүгінгі күнге дейін тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Атап айтсақ, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген «Мақал  ата» атты әдеби, көркем сазды кешіне сондай-ақ, «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кешіне қатысып өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етіп, насихаттауға белсене атсалысып келеді. 2013-2014  Елі үшін ерлігімен еленген  Ауғанстан соғысына қатысқан кеңес әскерінің елге оралғанына 25 жыл.

2014-2015 оқу жылынан бастап клуб  президенті   103-23 топ студенті Ниятбек Бекдәулеттің басшылығымен клуб мүшелері өз жұмысын жалғастырды.

Жоспар бойынша «Жастардың айтары бар» ток шоуы  екі ай сайын өткізіліп тұрады: «Білімді ұрпақ келешек-кепілі» және «Жастар қоғамның гүлі, иман өмірдің нұры»- тақырыбында бүгінгі қоғамда көрініс тапқан келеңсіз тұстарын сөз етті.

«Жалынды жастар» клубының ұйымдастыруымен Облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Шым қала сөнбес шырағым, мекенім мәңгі тұрағым» атты мәдени іс-шара өткізілді.

  

   

   

  

Клубының ұйымдастыруымен  Шымкент қаласы Чапаевка мөлтек ауданындағы қарттар үйінде  «Тәуелсіздік тұтқасы мәңгі болғай!» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетіп қайтты

Клубтың «Дүние дөңгелек» атты – ойын-сауық отауының ұйымдастыруымен студент жастармен үзіліс уақытында сергіту ойындары жүргізілді.

 

2015-2016 оқу жылы “Жалынды Жастар” клубы өз жұмысын қарттардан бата алу мақсатында Чапаевка мөлтек ауданындағы қарттар үйіне концерттік бағдарлама қоюмен бастады.

Осы оқу жылында клубтың ашылғанына 5 жыл толды. Соған орай ауқымды концертті клуб мүшелері жоғары деңгейде атап өтті. Мерейтойда көңіл көтерер əн де, мың бұралған əсем қыздардың биі де, көрерменмен əзілі жарасқан “Қытықтама,өзім күлем”  КТК да,  жан тебірентер, көңілге ой салар көрініс те, ойын да болды.

Клубтың қазіргі құрамына тоқталсақ:

Әбсаттар Динара Әбдіғаппарқызы

клуб президенті

Тұрсынбек Нұрила Маханбетқызы

клуб президентінің бірінші орынбасары

Абдуллаева Әсем Абдурахманқызы

клуб президентінің екінші орынбасары

Мақсұт Гүлзат Серікқызы

«Шұғыла» би тобының жетекшісі

Намуратова Нұргүл Әбілханқызы

мәдени іс- шараларға жауапты, ұйымдастырушы

Түзел Аружан Нұрланқызы

мәдени іс – шараларға жауапты

Арғынбай Рахат Ердәулетұлы

«Парасат» Жалынды Жастар дебат клубының жетекшісі

Ақберді Аида Әбдімұратқызы

Жалынды Жастар клубының

«Жастардың айтары бар…» ток – шоу бағдарламасының жетекшісі

Әжіман Ақмарал Қыдырбайқызы

жауапты хатшы

Жұмабай Назерке Еркінқызы

фото-тілші

Аққалиева Жібек

клуб мүшесі

Қасқыр Арман Дарханұлы

клуб мүшесі

Жаркенова Жұлдыз

клуб мүшесі

Жұмаділ Ұлтуар

клуб мүшесі

Төлендиев Ерлан

клуб мүшесі

 

2016-2017 оқу жылынан бастап клуб  президенті   103-31 топ студенті Әбсаттар Динара Әбдіғапарқызының басшылығымен клуб мүшелері өз жұмысын жалғастыруда.

Жылдың алғашқы іс-шарасы 22 Қыркүйек – Тіл мерекесіне орай өткізілді. Тілдің жанашырларын ортаға жинап, тілдің хал-ахуалын сөзге арқау етті. Жастар мен аға буындардың үш тұғырлы тіл туралы айтқан пікірлері қанағаттандырды, қанаттандарды.