ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Достық» студенттік клубы

 

Ақжол Ақнұр Шындалықызы 1999 жылдың 17 ақпан күні,Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің филология факультетінің,қазақ тілі мен әдебиеті 117-62 мамандығына қабылданған.Белсенді студент.Қазіргі таңда Қазақстан Ассамблеясы «Достық» клубының төрайымы.

Жартыны бөліп жеген - татулықтың белгісі. Дәл осы мақал   жанында  құрылған  «Достық»  студенттік клубының алғы сөзі  бола алады. «Достық»  студенттік клубы  2016 жылдың 1 қыркүйегінен  бастап жұмыс жасап  келеді.

Кең  байтақ  қазақ  даласында  130- дан астам түрлі  ұлт өкілдері  татулық  пен  бірлікте  бір   шаңырақ  астында  бейбіт  өмір  сүріп  келеді. Ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  салт – дәстүрлер мен мәдениет  -әр ұлттың  рухани   өмірі  мен тарихынан сыр шертіп ,  оның  қайталанбас  болмысын  анықтайды.

«Достық»   студенттік клубының  негізгі мақсаты – жастарды  қазақстандық  патриотизмге, шыдамдылыққа , достыққа  тәрбиелеу. Біздің  ортақ үйіміздегі  бейбітшілік пен  келісім  мемлекеттің  болашағы  болып  табылатын озық  ойлы  жастарға байланысты . Елімізде өмір сүріп жатқан  кез- келген азамат нәсіліне ,сеніміне қарамастан баршамен  бірдей  тең  дәрежеде  білім алуға  құқылы.

      « Достық»   студенттік клубы  құрылған  кезінен  көптеген  шараларды  жүзеге  асыруда .  Атап айтар болсақ , ұлтаралық келісім мен  студенттер  достығын  насихаттауға  арналған  қызықты  кездесулер , кештер, байқаулар, дөңгелек  үстелдер , конференциялар , концерттік бағдарламалар мен  фестивальдер. Апта сайын клубтың  отырысы  өткізіледі. Клуб  мүшелері  факультет , университет және  облыстық  деңгейдегі  түрлі шараларды  өткізіп  қана қоймай , өзге де мемлекеттік   және үкіметтік  емес ұйымдармен  , жастар  қоғамдық   бірлестіктермен  тығыз  қарым –қатынаста  жұмыс  атқаруда.  Олар: университеттің  «Халықаралық  көптілде  білім беруді  дамыту  орталығы» , Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ОҚО филиалы, ОҚПУ  Жастар  қанаты , ҚХА  Қоғамдық  келісім  кеңесі , ОҚО Жастар саясаты  мәселелері  басқармасы , БҚО Жастар қауымдастығы  Заңды  тұлғалар  бірлестігі және т.б.. Оқу жылына  арнайы  бекітілген   «Достық»  клубының  жоспарының  негізінде  аталған  бағыттардағы  іс-шаралар  ұйымдастырылып, университеттегі және  қала  мен   облыстағы  ынтымақ  пен  татулық   саясаты  жүзеге  асырылуда.

       « Достық» студенттік клубы- белсенділік  пен адалдыққа жаны  құмар,  әркез  достық  қолын  ұсынуға   ынталы  жалынды да жігерлі   жастар  тобы. Біздің  қатарымызға  қосыл !