ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Жалын» әдеби және өнер клубы

Біздің тарихымыз:  «Жалын» әдеби және өнер клубы 2016 жылдың  ақпан айынан бастап жұмыс атқаруда. Оған дейін поэзия сүюшілері мен жас ақындар поэзиялық кештер өткізіп, сүйікті ақындардың және өздерінің өлеңдерін оқып, облыстық мүшайраларға қатысып жүрді. 2016 жылы өзінің жарғысы, ережесі, эмблемасы бар ортақ клуб ашу керектігі шешілді және осы клуб аясында отырыстар өткізіп, өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік туды. «Жалын» әдеби және өнер клубының ашылу салтанатын мүшайра етіп тұсауын кескен болатынбыз. Оңтүстікке белгілі ақындар келіп ашылу салтанатынымыздың  қадірлі қонағы болып, ақ тілектерін айтып кеткен болатын. Кешегі күн біз үшін өшпес тарих ретінде қалса, бүгінгі күнмен   жүрген мен үшін де «Жалынды» жалын етіп алаулатып университетіміздің тарихында қалдыруы ең басты жоспарымыз.

         Мақсаты:  Университетіміздің жалындаған жастарын, отты өлеңдерімен жүрек түкпіріне ой салатын жас ақындарымызға қолдау көрсету және ақындық деген ұлы жолды жалғаушыларды биіктерге самғату. Адам болмысындағы қасиеттерді ашу.

Міндеттері: Жас ақындарды – қайырымдылық, махаббат, отаншылдық сезімді арттыру  және отандық және шетелдік әдеби шығармалармен, мерзімдік басылымдардағы өзекті мақалалармен танысу, дарынды адамдармен және оңтүстікке белгілі ақындармен кездесу.

Саттар Гүлнәр Әбдіманатқызы «Жалын» әдеби және өнер клубының лидері. 1998 жылы 24 қаңтарда ОҚО Мақтарал ауданы Жетісай қаласында дүниеге келген.

Байланыс телефоны: 8-775-779-84-98
ВКонтакте: Гулнара Саттарова http://vk.com/id246619533 
Инстаграмм: gulnarasattar
e-mail@ gulnar.sattar98@mail.ru 
Мамандығы: 5В011900 2-курс