ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Талант»-пікірсайыс клубы.

«ТАЛАНТ» интелектуалды  пікірсайыс  клубы  2013 жылы Оңтүстік  Қазақстан педогокикалық   университетінің  қабырғасында  құрылған  пікірсайыс  клубы. Негізін салушы  Нағашбаева Асия Жақсылыққызы .

Пікірсайысшы ,  ол кез келген  тақырыпқа  өзінің көз қарасын толық , ораторлық  қабілетін көрсете  отырып  тыңдармандарға   жеткізе  алатын  азамат  болып  табылады. Пікірсайысшыға тән қасиет  ол кез  келген  мәселелерді  шеше алу қасиеті.

Клубтың  мақсаты  мен  міндеттері.

Клуб  мақсаты  -студенттер  арасында  пікір  сайысты дамыту  арқылы  азаматтық  ұстанымдары  мен  көзқарастарын  қалыптастыру .

Ұлтжанды , шыншыл,  жоғары білімді,  элиталы  ұрпақ  дайындауға  үлес  қосу.

Клубтың  басты міндеттері.

  • Студент  жастар  арасында  пікірсайыс  бағдарламасын  дамыту.
  • Пікірсайыс  арқылы  жоғарғы  оқу орны мен  пікірсайыс  клубының  имиджін  қалыптастыру.
  • Әрбір  жастың  тұлғалық  қасиеттері  мен  қабілетін   қалыптастыру.
  • Жинақталған  білім  мен  тәжрибені,  келесі  жас  буын  пікірсайысшыларға  жеткізу  мен  дарыту.
  • Қазақстан  Республикасының  «Жастар  саясаты туралы  заңы»  аясында  басқа  іс-шаралар  мен жобаларға  қатысу.
  • Мемлекеттік тіл  -қазақ тілін  студент  жастар  арасында  дамыту  мен  насихаттау , ұлттық  тіл  шешендігін  дамыту  мен жаңғырту.         

Клуб  жұмысының  жүргізілуі

Клуб  үйлестірушісінің  міндеттері:

  • Клуб мүшелеріне  жаңа  ақпараттардың   жетуін  қамтамасыз  ету;
  • Клуб  отырысының  күн  тәртібін  жасау;
  • Жарғының  клуб  мүшелері   тарапынан  толық   және  дұрыс  орындалуын  қадағалау;
  • Клубта болатын семинар-тренингтерұйымдастыру;
  • Клуб атынат келісімге отыру;

Клуб  хатшысының  міндеттері;

  • Клуб  отырысының  хаттамасын  жүргізіп  отыру;
  • Клуб жұмысына  байланысты  құжаттар  мен қағаздар  жүйелілігі  мен  дұрыстығына  жауапты;

Клубқа  мүше  болу, клуб  мүшелерінің  құқықтары  мен міндеттері;

Клуб  мүшесі  болу  үшін  қойылатын  талаптар;

  •  Пікірсайыс  бағдарламасын  толық  білетін;
  •  Клуб  жиналысына  үздіксіз  бір  ай  қатысқан;
  •  Қазақ  тілін  еркін  меңгерген;

Клуб  қызметін  тоқтату

  • Клуб қызметі  ерікті  түрде  немесе  тарату  жолымен  сондай-ақ   басқа  да  заңды  негіздермен  тоқтатылуы  мүмкін.
  • Клубты  ерікті  түрде  тарату  немесе  қайта  құру  Клубтың  Жалпы  Жиналысының  шешімімен жүзеге  асырылады.

 «Талант» пікірсайыс  клубының жетекшісі.

 

Жусипова Аружан Сапарханқызы 1999жылы 13 қыркүйек  күні , Оңтүстік Қазақстан обылысы Шымкент қаласында дүниеге келген . 2016 жылы  Оңтүстік Қазақстан педагогикакалық университетіне педагогика  факультетіне , дефектология 105-62 мамандығына қабылданған . Белсенді студент.