ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Шаттық» студенттік театры

Біздің тарих: “Шаттық” студенттік театрын 2009 жылы негізін қалаған қазақ тілі және әдебиеті пәндері кафедрасының аға оқытушысы Жолдасова Айгүл.
Университетіміздің талантты, шығармашыл жастарының басын біріктірген театр, өз жұмысын асқан құштарлықпен бастады. Алғашқы жылдары-ақ, облыстық сайыстарға қатысып, жас өнерпаздар алғыс хатымен марапатталды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан техникалық мемлекеттік университетінің режиссер мамандығының аға оқытушысы, драматург Еркебұлан Жолдасов жетекшілік ететін “Өркен” студенттік театрымен бірлесе жұмыс жасады.
2012-2014 жж. аралығында қазақ тілі және әдебиеті мамандығының студенті Омаралы Нұржан жетекшілік еткен.
2014-2015 жж. география мамандығының студенті Тілеубергенұлы Шадияр жетекшілік еткен “Шаттық” студенттік театры жаңа бағытта қойылымдар ұсынған.
2015-2016 жж. биология мамандығының студенті Жасанбек Еламан басқарған “Шаттық” студенттік театры да көптеген іс-шараларға атсалысып, өздерін керемет ұжым екенін тағыда дәлелдеген.
2016 жылдан бері биология мамандығының студенті Кеңесбек Әскербек жетекшілік еткен.
Казиргі уақытта театырының жетекшісі «Педагогика және психология» мамандығының студенті Нурбабаева Динара.
Мақсаты:
– Жастардың зияткерлік, шығармашылық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау.
– Жастардың жан-жақты қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру.
– Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
– Жастардың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру

        «Шаттық» студенттік театрының жетекшісі.


Нурбабаева Динара Сериковна 1998 жылы 5 Наурыз күні, Оңтүстік Қазақстан облысы,            Шымкент қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бері ОҚПУ студенті.