ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Жас Отан»

Тарихымыз

«Жас Отан» Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 2008 жылға дейін дербес заңды тұлға ретінде тіркелмеген «Жас Отан» ЖҚ партия басшылығымен бастау алған жобаларды жүзеге асыруға қатысты.
2008 жылдың 17 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. «Жас Отан» Жастар қанатының алғашқы съезі осы жылдың көктем айына белгіленді. 2008 жылдың 14 мамырында еліміздің Астанасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының І съезі өтті. Өзінің сөзінде Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев «Жас Отан» ЖҚ алдына бірінші кезектегі тапсырмаларды қойды. Елбасы «Жас Отан» ЖҚ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы рөлін атап, еліміздің әрбір жас азаматының өзінің әлеуетін дамыта алуға мүмкіндігі бар, бәсекелесуге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауға шақырды. Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінде «Жас Отан» Жастар Қанаты – 2014ж бастап жұмыс істеп келе жатыр.

Мақсатымыз

Жастар арасында мемлекет Басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру. Қоғамның саяси өміріне қатысу;
«Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақтыдамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлікжәненақтыәлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялықжәнерухани мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саясижәнебасқадажағдай жасау «Жас Отан» ЖҚ-ның негізгі мақсаты болып табылады. «Жас Отан» ЖҚ— «НұрОтан» ХДП саясатының белсендіжүргізуші, елдегі жастардың жағдайын жақсартужәнеоны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешугежұмылдыру бойынша ісжүзіндегі қадамдарды іске асыру орталығы.

Жоба жайлы

1.«Жастар кадрлық резерві» – бұл кәсіби жетілуге ұмтылған жас мамандардың республикалық деректер базасы. Жобаның мақсаты – заман талабына сай басқарушыларды даярлау.Жоба оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, ел үшін аянбай еңбек етуге даяр Қазақстанның жастары арасынан кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған. «Жастар – Отанға!» – Қазақстанның әр аймағынан белсенді де ізденімпаз жастар жиналатын жазғы лагерь. Тіл табысу, сырласу, демалыс, тәжірибе алмасу, ортақ жобалар жасау және өз ісінің білікті шеберлерінен тәлім алу – Лагерь дегеніміз осы! Лагерьге жас көшбасшылар, белсенді жастар, аймақтардың студенттері мен жас дарындары қатысады.

Лагеріміз жоба жасау қызметінде біліктілікті арттыру, соның ішінде жас азамат өзі бас болған дүниелерге қолдау білдіру; кәсіби жетілу мен біліктіліктерін дамыту; жастардың шынайы партия аралық күреске жақын жағдайларда бәсекеге қабілетті болуын қалыптастыру; ерекше жас көшбасшыларды анықтауды міндет етіп алды. 3. «Сәтті қадам».«Жас Отан» ЖҚ жас қазақстандықтар үшін еліміздің ірі өндірістік мекемелерінде, ұлттық компанияларында және мемлекеттік органдарында жүйелі түрде тағылымдамаларын ұйымдастырып отыру үшін және жыл сайын белгілі шамада квота бөлу үшін аталмыш мекемелермен екіжақты меморандумға қол қойды. Жобаның мақсаты қандай? Жобаның негізгі мақсаты — ЖОО бітіруші жастарға өз қызметтік сатысын Қазақстанның белгілі ұйымдарынан тағылымдамадан өту арқылы бастауына мүмкіндік беріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көруіне қолғабыс ету. 4. «Еркін пікір» орталықта ғана емес, аймақтық деңгейде-де жұмыс атқаратын дискуссиялық жастар клубы болып табылады. Аталмыш дискуссиялық ашық алаң жастар мен депутаттар арасында, жергілікті құзырлы орындарымен және «Нұр Отан» партиясымен тығыз байланыс орнатуға жағдай жасайды. Клуб жұмысына орталық, мемлекеттік және жергілікті ұйымдар, БАҚ өкілдері, әртүрлі эксперттер мен қоғам қайраткерлері ат салысуда.

Ақжол Ақнұр Шындалықызы Қазақстан Ассамблеясы «Достық» клубының төрайымы.
Шымкент қаласы, 1999 жылы 17 ақпанда дүниеге келген.
2016 жылы Филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті 117-62 мамандығына қабылданған.
Интаграм : aknurakzhol
Вконтакте : Акнур Акжол
Телефон : +7747-124-63-97

Мекембай Дана Нұрболқызы «Жас Отан» ЖҚ хатшысы.
Шымкент қаласы, 1998 жылы 21 қазанда дүниеге келген.
2016 жылы Гуманитарлы- экономикалық факультетіне, учет-аудит 508-61 мамандығына қабылданған.
Инcтаграм : mekembaidana
Вконтакте : Дана Мекембай
Телефон : +7747 913 35 68

 


“ЖАСТАР ОТАНҒА!” САЯСИ ЛАГЕРІ.

2015 жылғы 25 – 27 қыркүйек күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының “Бәйшешек” спорттық-сауықтыру кешенінде облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен “Жас Отан” жастар қанатының ұйымдастыруымен “Жастар Отанға!” саяси лагері өтті.Саяси лагерге облысымыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері, жалпы 200-ге жуық жас қатысты.
«Лидерлік туралы жалпы түсінік, лидерлік қабілетті дамыту, жобалық менеджмент, командалық менеджмент» бағытында саяси лагер қатысушыларына арнайы практикалық семинар-тренингтері ұйымдастырылды.Саяси лагер қорытындысы бойынша қатысушылар «Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар cаясатын іске асыратын мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының жұмысын жетілдіру» бағытында ұсыныстарын ұсынды.
“Жастар Отанға!” саяси лагерінің ұйымдастыруға қолдау білдірген Жанәбіл Болат Серікұлына алғыс білдіреміз!!!