ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

ЖАСТАР АДАМ САУДАСЫ МЕН ЕРТЕ ЖҮКТІЛІККЕ ҚАРСЫ

  • Басты Бет /
  • ЖАСТАР АДАМ САУДАСЫ МЕН ЕРТЕ ЖҮКТІЛІККЕ ҚАРСЫ

8 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің психолог маманы Ж.Камбар, Облыстық онкология диспансерінің онко-гинекологы Д.Тасбалтаева, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А.Молдағалиева, «Сана сезім» қоғамдық бірлестіктің ұйымының заңгер маманы Р.Худайшукурова, Аль-Фараби ауданы Зорлық зомбылыққа қарсы полиция бөлімінің аға инспекторы Г.Моминова қатысты.