«Жас түлек. Жаңа қадам. Жарқын болашақ» ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Жас түлек. Жаңа қадам. Жарқын болашақ»

  • Басты Бет /
  • «Жас түлек. Жаңа қадам. Жарқын болашақ»

2018 жылдың 3 шілде күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау салтанатты кеші Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткізілді. Салтанатты кешті университет президенті Мадияр Бахтиярұлы Юнусов аталған білім ордасының тың жетістіктерін баяндай келе, университет өміріне белсене араласқан барлық түлектер мен қонақтарға алғысын білдірді. Салтанатты түрде өткен диплом табыстау рәсіміне Түркістан облысының Білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы, Облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Ергешова Раушан Естлеусовна, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаратаев Тұрдалы Жақсылықұлы, «Өрлеу» БАҰО АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Ахтаев Мухтар Бексұлтанович, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының профессор академик Паржанов Жанибек Ануарбекович, Қ.Р-ның халықаралық дәрежедегі бокс шебері, Бокстан Әлем чемпионы Біржан Жақып,  қала мектептерінің директорлары, университет профессор – оқытушылар құрамы, бітіруші түлектер, ата-аналар қатысты. Дипломдарын қолға ұстағалы тұрған биылғы бітірушілер үшін бұл кеш ерекше толқумен өтті.