«Үздік диплом — 2018» облыстық салтанатты диплом табыстау рәсімі ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Үздік диплом — 2018» облыстық салтанатты диплом табыстау рәсімі

  • Басты Бет /
  • «Үздік диплом — 2018» облыстық салтанатты диплом табыстау рәсімі

29 маусым күні Түркістан облысы орталығындағы Ахмет Ясауи университетінде алғаш рет ЖОО бітірушілеріне диплом табысталды. Облыс әкімдігіне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған іс-шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 21 үздік бітіруші түлектері «Үздік диплом — 2018» облыстық салтанатты диплом табыстау рәсіміне қатысты.
Мерекелік шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев үздік түлектерді құттықтап, қуаныштарына ортақтасты. Сондай-ақ, облыс бюджеті есебінен «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы 300 жас маманды 4 айлық мерзімге жұмысқа қабылдауға байқау жарияланғанын айтты. Айына 60 мың теңге жалақы тағайындалатын жұмыста жас кадрларды іріктеуден өткізіп, мемлекеттік қызметке қабылдайтындықтарын жеткізді.
Облыстың 12 жоғары оқу орнынан келген жастар қуанышы еселеніп, облыстың дамуына үлес қосуға әзір екендігін айтып жатты. Салтанатты шара соңы концертке ұласып, от шашумен тарқасты.