Шетелдік ғылыми тағылымдама Қырғыстанда ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Шетелдік ғылыми тағылымдама Қырғыстанда

  • Басты Бет /
  • Шетелдік ғылыми тағылымдама Қырғыстанда

Халықаралық Қырғыстан университетіде Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің магистранттары 28.05.-08.06 күндер аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы) шеңберінде жаңа инновациялық технологиялар және ғылыми-педагогикалық бағытта танысу мақсатында жоғарғы оқу орнында мекемелерде және тиісті қызмет салалары бойынша ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылды. Тағылымдама мақсаты магистрлік диссертация үшін қосымша, тың ақпарат жинау, оқыту әдістемесі төңірегінде білімді тереңдету болды. Магистрлік диссертация жазуға ғылыми кітапханадағы жұмыстар мен оқытушылардың іс-тәжірибесі көп көмегін тигізді. Барлығы 36 сағаттық дәріс тыңдалды. Тағылымдаманың соңғы күнінде қорытынды жасалып, сертификаттар табысталды.