ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Жас маман – 2018» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

  • Басты Бет /
  • «Жас маман – 2018» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

2018 жылдың 15 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бас ғимаратында 2018 жылғы бітіруші түлектерге арналған  «Жас маман – 2018» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Еңбек нарығының қажеттіліктерін анықтау үшін жұмыс берушілермен байланыс орната отырып, түлектерді жұмысқа орналастыруын жеңілдету мақсатында университет қабырғасында жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкенің мақсаты: түлектердің еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу. Өткізілген іс-шара барысында жұмыс берушілер өз мекемелері жайында айтты. Сонымен қатар, университетпен тығыз байланыс орнатқан жұмыс берушілерге алғыс хаттар берілді. Іс-шараға тоқсанға жуық жұмыс беруші тіркеліп, студенттермен сұхбаттасып, бітірушілерден түйіндеме алды.