ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Түлектердің даму белестері – жаңарудың жаңа бастамасы» атты түлектермен кездесу

  • Басты Бет /
  • Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Түлектердің даму белестері – жаңарудың жаңа бастамасы» атты түлектермен кездесу

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Түлектердің даму белестері – жаңарудың жаңа бастамасы» атты түлектермен кездесу болып өтті. Аталған жиынға оқу орнының мансаптық дәрежеге жеткен түлектері, ОҚПУ қызметкерлері, 4 курс студенттері қатысып, мақалаға байланысты өз ойларын ортаға салды.

Түлектерге арналған жиынның ашылу салтанатында университет президенті, М.Б.Юнусов құттықтау сөзін жеткізді. Кездесу барысында т.ғ.к., доцент Ө.Алиевтің «Рухани жаңғыру – заман талабы» және тарих мамандығының түлегі Ж.Ешентаевтың «Қоғамның рухани жаңғыруындағы ұстаздың ролі» (ОҚПУ түлектерінің жетістіктері туралы) тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім екендігі айтылды. Түлектер ұстаздарға алғыстарын, жылы лебіздерін білдірді. Түлектер студент кездеріндегі түлеп ұшқан алтын ұядағы қызықты естеліктерін айтты. Іс-шара соңында университет студенттерінің салтанатты концертіне жалғасты.