РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕМЬЕР ЛИГАНЫҢ 1/8 ЖӘНЕ 1/4 ФИНАЛДЫҚ САЙЫСТАРЫНДА «АМАНАТ» ЖАЙДАРМАН ТОБЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕМЬЕР ЛИГАНЫҢ 1/8 ЖӘНЕ 1/4 ФИНАЛДЫҚ САЙЫСТАРЫНДА «АМАНАТ» ЖАЙДАРМАН ТОБЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

  • Басты Бет /
  • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕМЬЕР ЛИГАНЫҢ 1/8 ЖӘНЕ 1/4 ФИНАЛДЫҚ САЙЫСТАРЫНДА «АМАНАТ» ЖАЙДАРМАН ТОБЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Сәуірдің 26-29 күндері Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы театрда Республикалық Премьер лиганың 1/8 финалдық сайыстары Қазақстан Ұлттық телеарнасының түсірілімімен болды. Екі күн қатарынан 1/8 финалда екі топ болып командалар сайысқа түсіп, көрермендерге әзіл-қалжың мен шаттық-күлкіге толы кеш сыйлады. Дайындығы мен өнерлері жарасқан топтар іріктеліп, соның ішінде 34 команданың ішінен жарып шығып, оқу орнымыздың намысын қорғап жүрген «Аманат» жайдарман тобы 1/4 финалдық сайысқа жолдама алды. Сайыста  қазылар алқасы құрамында елімізге белгілі тұлғалар, нақтырақ айтқанда, Мейіржан Алтыбаев, Алмат Сағатов, Серік Ибрагимов болып, командаларға өз бағаларын берді.

Ал, 28 сәуірде Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы театрда Республикалық Премьер лиганың 1/4 финалдық кезеңі өтті. Командалар екі топта өнер көрсетіп, әр түрлі құрамды әділ қазылардың бағалауымен жартылай финалға іріктелді. Бірінші топқа елімізге белгілі азаматтар Ерлан Қасымжанұлы, Бекзат Дүйсенов және Ерболат Төлеген төрелік етті. Бұл ойында  жоғары ұпайларды еншілеп, «Аманат» жайдарман тобы 1/2 финалдық ойынға жолдама алды.  Жоғарыда аталған сайыстар «Қазақстан Ұлттық телеарнасынан»  көрсетіледі.