ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

МАГИСТРАНТТАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

  • Басты Бет /
  • МАГИСТРАНТТАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2018 жылдың 27 сәуір күні Шымкент қаласы, Қазақстан халқы Ассамблея үйінде «Ғылыми зерттеулер – дамудың жаңа мүмкіндіктерінің  құралы» атты магистранттар мен студенттердің Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Ұйымдастырушылар:

  1. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Қазақстан)
  2. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті (Қазақстан)
  3. Франциска Скорин атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы)
  4. Мирзо Улуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университет  (Өзбекстан)
  5. Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан)

Конференция мақсаты:

  • Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында  және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жас ғалымдар арасында насихаттау;
  • магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру:
  • жас ғалымдарды қазіргі тандағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру;
  • студенттердің зияткерлік қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.

Конференцияға: Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен, Павлодар мемлекеттік педагогика университетінен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университінен, Шымкент қалалық Назарбаев интеллектулды мектебінен 12 сынып оқушылары, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен (Қырғызстан), М.Улуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінен, Ф.Скорин атынд. Гомель мемлекеттік университетінен (Беларусь Республикасы)  Индира Ганди атындағы Ұлттық университетінен (Үндістан) өкілдер қатысты.

Конференция жұмысы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры, т.ғ.к., доцент  Жарқынбеков Мұрат Асанұлының құттықтау сөздерімен ашылды. Ол конференция қатысушы қонақтар мен студенттерге сәттілік тіледі. 
Келесі сөз кезегі педагогика ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Баисеитова Жанар Байсейітқызына берілді.

Келесі сөзді алған шетелдік қонақтар: Қытай Халық Республикасынан келген, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Сорбонна-Қазақстан» институтының  Халықаралық қатынастар мамандығының магистранты Zhang Yang; Индира Ганди атындағы Ұлттық университетінің студенті Динеш Чоудхари (Үндістан).

Конференция Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан) мен Мирзо Улуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті студенттерінің  құттықтау сөздерімен жалғасты.

Пленарлық мәжілісте келесі ғылыми баяндама жасағандар:

  1. Елтаева А.С., Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 1 курс магистранты. Тақырыбы: CONCEPT OF REALITY IN MODERN TRANSLATION STUDIES. Ғылыми жетекшісі: Каракулова А.М. (Қазақстан)
  2. Дүйсен Нұрсұлтан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, мәдениеттану мамандығының студенті. Тақырыбы: Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы бастамасы. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., профессор м.а., Тұрсынбаева А.Ө. (Қазақстан)
  3. Баборико Екатерина. Тақырыбы: ОПРЕДЕЛЕНИЕ КАЧЕСТВА СЫРОВ ТОРГОВОЙ МАРКИ «ПОЛЕССКИЕ СЫРЫ». Ғылыми жетекшісі: Пантелеева С.М. Франциска Скорин атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы)
  4. Абдурахимова Нодира, Мирзо Улуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті экономика факультетінің студенті. Баяндама тақырыбы INTERNATIONAL LABOR RELATIONS: CONCERNS, STRATEGY AND APPROACHES. Ғылыми жетекшісі: Рахмонов Р.Н. (Өзбекстан)
  5. Самадулла Анел, Тақырыбы:  «Физика пәнінен электронды портал» 12 сынып оқушысы. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Жетекшісі: Кошкинбаева Меруерт Мухтархановна (Қазақстан)
  6. Маратов Х. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті. Тақырыбы: Особенности Android Studio в разработке мобильного приложение ЮКПУ. Жетекшісі: Баймешова А.Н. (Қазақстан)
  7. Порох Ю.С., Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 3-курс студенті. Тақырыбы: «Стрессоустойчивость как профессиональная компетенция будущего педагога». Ғылыми жетекші: Сенова Ю.С. (Қазақстан)

Пленарлық мәжілістерден кейін конференция қатысушылары психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтерде қойылған мақсаттарға жету, күрделі стресс жағдайларында зейін дағдылары, стресске қарсы тұру әдістері талқыланды.  Стресс жағдай, қатысушыларға өнімді мақсаттар қою негіздерін үйрету, стресс-қарсылық деңгейін жоғарылату және қатысушылардың дағдарыстың күрделі жағдайларда назарын аудару дағдыларын дамыту.

  

 Ғылыми конференцияның нәтижесі бойынша тезистер мен баяндамалардың жинағы шығарылды. Конференцияға 340 тан астам астам ғылыми баяндамалар келіп түсті.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізілді:

  1. Рухани жаңғыру: Туған жер.Тарих.Дәстүр.
  2. Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту әдістемесі
  3. Педагогика және психология;
  4. Математика және IТ-технология ;
  5. Химия және биология;
  6. Тіл білімі және әдебиеттану ;
  7. Шет тілі және аударма ісі
  8. Әлеуметтік және құқықтану ғылымдары;
  9. Кәсіби білім, өнер және салауатты өмір салты;
  10. Экономика және бизнес;

Секциялық отырыстардың соңында барлық конференцияға қатысушыларға сертификаттар берілді, ал ең үздік оқылған студенттер баяндамалары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Пленарлық мәжілістің жазбасын сілтемені басу арқылы көруге болады:

«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР – ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ  ҚҰРАЛЫ» аттымагистранттар мен студенттердің Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы - I том,    II том,    III том