ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЖОО АРАСЫНДА ЖАҢА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТЫЛДЫ ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЖОО АРАСЫНДА ЖАҢА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТЫЛДЫ

  • Басты Бет /
  • ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЖОО АРАСЫНДА ЖАҢА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ – ның қолдауымен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің президенті Мадияр Бахтиярұлының Қытай Халық Республикасындағы ресми сапарында Шанхай политехникалық университетінің (ҚХР) президенті YU TAO мырзаның қабылдауында болып,  екі жақты әріптестік орнату жөнінде меморандумға қол қойылды.

Университетінің президенті, Мадияр Бахтиярұлы ШПУ-дың Қытай Халық Републикасында түрлі салада жоғары деңгейде білім беріп, озық ғылыми жобалармен айналысатын оқу орнымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізгені – әлемдік кеңістіктегі іскерлік аясының одан әрі кеңи түсуіне жасалған тағы бір табысты қадам екендігін атап өтті.

Шанхай политехникалық университеті -  үздік ондыққа кіретін, ҚХР- дағы ең алдыңғы қатарлы мемлекеттік жоғары оқу орны болып саналады. Екі жақты кездесу барысында  аталған оқу орнына қандай мамандықтар бойынша оқуға бакалавр, магистратура, докторантура сатысындағы студенттерді, ізденушілерді  білім алуға, ғылыми жобалар жасауға жіберу, академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылынан бастап жүзеге асыру және де   оқытушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау жайы жан-жақты талқыланды.