ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

ҒАСЫР САҢЛАҒЫ

Қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор, ұлы ұстазымыз – Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай, 2018 жылдың 5-ші наурызында Ақпараттық білім беру орталығы  мен  5В010200 - «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 102-71 оқу тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «ҒАСЫР САҢЛАҒЫ»  атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Бұл кеште әсем әндер шырқалып, ұлттық би биленіп, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы презентация мен деректі фильм көрсетілді. Университетіміздің студенттер қауымы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын терең түсініп, мол мағлұмат алды. Көрермендер ыстық ықыласқа бөленді.