ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

ЕҢ ҮЗДІК БИ БАЙҚАУЫ

02.03.2018 жылы Облыстық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында БАҚ өкілдерінің қатысуымен, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің президенті Юнусов Мадияр Бахтиярұлының қолдауымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында, ОҚПУ президентінің арнайы жүлдесі үшін «ЕҢ ҮЗДІК БИ»  байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша:

І-орынды: Педагогикалық факультетінің «Гүлдер-ай» би ансамблі 100 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды;

ІІ-орынды:Гуманитарлы-экономикалық факультетінің «Арман-ай» би ансамблі 50 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды;

ІІІ-орынды: Жаратылыстану-шығармашылық факультетінің «Керуен» би ансамблі 30 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.