ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

ОҚПУ АРУЫ-2018 БАЙҚАУЫ

02.03.2018 жылы Облыстық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында БАҚ өкілдерінің қатысуымен, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің президенті Юнусов Мадияр Бахтиярұлының қолдауымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында, ОҚПУ президентінің арнайы жүлдесі үшін «ОҚПУ аруы-2018» байқауы ұйымдастырылды. Биылғы сайысқа университетіміздің әр кафедрасынан іріктелген 12 ару қатысып, бақтарын сынады. Наурыз мерекесі қарсаңында университетіміздің ең сұлу қызы «ОҚПУ аруы-2018» сұлулық байқауында анықталды:

ОҚПУ аруы атанған:  104-71 тобының студенті Шалқарбаева Эльвира 150 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды және ОҚПУ аруының «ТӘЖі» тағылды;

І-орын: 509-62р тобының студенті Жанзах Нұргүл 100 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды;

ІІ-орын: 117-51 тобының студенті Джаркинова Жұлдыз 50 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды;

ІІІ-орын: 103-63р тобының студенті Нурбабаева Динара 30 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.

«БІЛІМДІ АРУ» номинациясын: 119-72 тобының студенті Еркінбай
Қырмызы иеленді;

«ӨНЕРЛІ АРУ» номинациясын: 111-61 тобының студенті Темурқызы Назым иеленді;

«ЕҢ ӘДЕМІ ҰЛТТЫҚ КӨЙЛЕК» номинациясын: 119-74 тобының студенті Мейірбек Әсел  иеленді;

«ЕҢ ДАРЫНДЫ» номинациясын: 106-51 тобының студенті Әуел Балкерім  иеленді;

«КӨРЕРМЕН КӨЗ АЙЫМЫ» номинациясын: 114-71 тобының студенті Салдарова Жанна  иеленді;

«ЕҢ АҚЫЛДЫ» номинациясын: 102-66р тобының студенті Копылова Вероника  иеленді;

«ЕҢ ТАПҚЫР» номинациясын: 112-61 тобының студенті Байғарева Сымбат  иеленді;

«СҮЙКІМДІ АРУ» номинациясын: 301-61 тобының студенті Сұлтанова Гүлмира  иеленді.