ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

«Латын графикасына өтудің заманауи перспективалары»

  • Басты Бет /
  • «Латын графикасына өтудің заманауи перспективалары»

Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда өз ойларын айтып, пікірлерін білдіріп келді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 22 ақпанында латын қаріпінің соңғы нұсқасын бекітті.

Осы жаңалықпен мамандық студенттерін таныстыру мақсатында «Латын графикасына өтудің заманауи перспективалары» атты тақырыпта ақпанның 23-де дөңгелек үстел өткізілді. Кафедра оқытушысы ф.ғ.к. доценті Г.И.Ақылбаева латын әліпбиі туралы баяндама жасады. Топ студенттері өз ойларын айтып, пікірлерін ортаға салды.