ОҚПУ
  • 8(7252)537152
  • ukpu_kaz@mail.ru

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Басты Бет /
  • ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2018 жылдың 30 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұйымдастырумен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің негізін қалаушы, педагог-ғалым Бахтияр Саидұлы Юнусовты еске алуға арналған «Юнусов оқулары: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтеді

Конференция жұмысына қатысуға Қазақстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және алыс шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушы-профессорлары мен ғалымдары шақырылады.

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1. Педагогика, психология  ғылымдары және жаңартылған мазмұнда білім берудің өзекті мәселелері;
  2. Жаратылыстану ғылымдары  және IТ-технологиялар;
  3. Рухани жаңғыру: тарихи-мәдени зерттеулер және  құқықтық нормалар;
  4. Өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік дамуы;
  5. Тіл білімі және үш тілде  білім берудің аспектілері

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты (бұрынғы Қазақстан кинотеатры)

Конференцияға қатысу үшін баяндама мәтінінің электрондық нұсқалары электрондық поштамен nauka_ukpu@mail.ru 2018 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Ақпараттық хат