Ағылшын клубына қош келдіңіздер!

15.09.2017 ж. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Ағылшын тілі клубының ашылуы өтті. Клуб ағылшын тілінде сөйлегісі келетін студенттер мен оқытушыларды шақырады.

Толығырақ: Ағылшын клубына қош келдіңіздер!


«Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда» атты «Денсаулық фестивалі -2017» туралы мәлімет

2017 жылы 9 қыркүйек  күні  «Әл-Фараби» алаңында Шымкент қаласында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен  «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда» атты «Денсаулық фестивалі -2017» кең ауқымда өтті. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық  университетінің студент жастары қатысып, белсенділік танытты. 

Толығырақ: «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда» атты «Денсаулық фестивалі -2017» туралы мәлімет


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары Юсупова Г.Т.  Алиханов И.M . және 119-61,119-63 студенттері  адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында, сондай-ақ олардың туған жер тарихын тану үшін, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын.» мұражайын аралады.  Оқушылар саяси қуғын-сүргін жылдары туралы әңгімеледі. 30 желтоқсан, 1996 – 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы біздің республикамыз ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялады. 31 мамырда саяси қуғын-сүргін жылдары зардап шеккен адамдарға мәңгі есте қалдыру мақсатында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Жалпы, соңғы 20 жыл ішінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы мемлекеттік заң шығарылды, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кітабы» жарияланды.

Толығырақ: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні